Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Шахтер" легионерлерді қайдан іздейтіні белгілі болды

Өткен маусымда қарағандылық команда Бірінші лигада мерзімінен бұрын чемпион атанып, ҚПЛ-ге қайта жолдама алған еді.

"Шахтер" легионерлерді қайдан іздейтіні белгілі болды
sport-hub.kz

Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралған қарағандылық "Шахтер" жаңа маусым алдында шетелдік ойыншыларды іздейтін басым бағыттарын белгіледі.

AmanVIBE мәліметінше, клубтың скаутинг бөлімі маусым бойы Скандинавия елдері мен бұрынғы Югославия мемлекеттерінің футбол нарығын зерттеген.

Қарағандылық клуб алдағы уақытта осы аймақтардан футболшылармен келіссөз жүргізіп, жаңа легионерлерді қатарына қосуды жоспарлап отыр. "Шахтердің" скауттары Скандинавия мен Балқан аймағындағы футболшыларды бірнеше ай бойы бақылаған. Енді клуб селекциялық жұмыстың келесі кезеңіне өтіп, нақты трансферлерді қарастырмақ.

"Шахтер" Африка нарығын да зерттеп жатыр

Клуб тек Еуропамен шектелмейді. Команданың бас скауты Михаил Габышев Нигерияға барып, жергілікті футболшылар нарығымен танысқан.
Осылайша, "Шахтер" жаңа маусымға құрам жасақтау кезінде Скандинавия, бұрынғы Югославия елдері және Африка бағыттарын негізгі селекциялық нарықтардың бірі ретінде қарастырып отыр.

Айта кетейік, өткен маусымда қарағандылық команда Бірінші лигада мерзімінен бұрын чемпион атанып, Қазақстан Премьер-лигасына қайта жолдама алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?