penalty.kz - спорт жаңалықтары
Бірінші таймда командалар есеп аша алмады. Ал кездесудің 53-минутында "Қайраттың" испаниялық шабуылшысы Марк Гуаль мергендігімен көзге түсті.
Instagram-дағы жазба
Бірақ қазақстандық команда жеңісті уысында сақтап қала алмады. 82-минутта "Аталанта" шабуылшысы Никола Крстович таразы басын теңестірді.
Ойынның қалған бөлігінде екі команда да есепті өзгерте алмады. Нәтижесінде "Қайрат" Италия жерінде маңызды бір ұпай еншіледі.
"Қайраттың" Конференция лигасындағы нәтижелері
Алматылық ұжым еурокубоктың алғашқы үш турында екі рет тең түсіп, бір мәрте жеңіліске ұшырады.
"Қайрат" бірінші турда Латвияның "Рига" клубымен сырт алаңда 1:1 есебімен ойнады. Ал екінші кездесуде Алматыда Грекияның "Панатинаикосқа" 1:5 есебімен жеңілді. Италиядағы нәтижеден кейін қазақстандық клубтың қоржынында үш матчтан соң екі ұпай бар.
Жора Арутюнян жаттықтыратын команда Конференция лигасындағы келесі кездесуін 26 қарашада өткізеді. Бұл жолы алматылықтар Швецияның "Мьельбю" клубын қабылдайды.
Мюнхендік клубтың ресми мәліметінше, 33 жастағы ағылшын шабуылшысы келісімшартын 2029 жылдың 30 маусымына дейін ұзартқан. Кейн бұл шешіміне еш өкінбейтінін және Германиядағы өміріне толық бейімделгенін жеткізді.
"Мен өзімді "Баварияда" үйдегідей сезінемін. Бұл клубты, жанкүйерлерді және Мюнхен қаласын жақсы көремін. Отбасым да осында өте бақытты", – деді футболшы.
Шабуылшының айтуынша, команданың қазіргі құрамы мен бас бапкер Венсан Компанидің жұмысы оған үлкен сенім сыйлайды. Ол алдағы жылдары мюнхендік ұжыммен бірге тағы көптеген трофей жеңіп алуды көздеп отыр.
"Бавариядағы" нәтижесі қандай?
Ағылшындық футболшы 2023 жылдың тамызында Лондонның "Тоттенхэм" клубынан "Баварияға" ауысқан. Содан бері Германия чемпионатының ең нәтижелі шабуылшыларының біріне айналды.
Кейн мюнхендік команда сапында:
161 ресми матч өткізіп, 156 гол соқты;
екі рет Германия чемпионы атанды;
Германия кубогын жеңіп алды;
екі мәрте Германия Суперкубогын иеленді.
Instagram-дағы жазба
Әлемнің үздік футболшысы атанған
2026 жылдың 26 қазанында Харри Кейн футбол әлеміндегі ең беделді жеке марапат – "Алтын допты" жеңіп алды.
Ол 2025/2026 жылғы маусымдағы өнерінің арқасында әлемнің үздік футболшысы деп танылды. Дауыс беру қорытындысында Кейн Килиан Мбаппе мен Ламин Ямальдан басым түсті.
Шабуылшы өткен маусымда клубы мен ұлттық құрамасы сапында 73 гол соғып, жоғары нәтижелілік көрсетті. Айта кетейік, Кейн соңғы 25 жылда "Алтын допты" иеленген алғашқы ағылшын футболшысы атанды.
Мюнхендік "Бавария" Германия футболының тарихында ерекше орын алады. Клубтың еншісінде 35 Германия чемпиондығы, 21 ел кубогы және Чемпиондар лигасындағы алты жеңіс бар.
Семейлік клубтың басшылығы жаңа бас бапкерді іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Команда тізгінін ұстауға отандық және шетелдік мамандардың кандидатуралары қарастырылуда.
AmanVibe.kz дерегіне сүйенсек, клубтың ықтимал үміткерлер тізіміне мына төрт маман енген:
Рафаэль Уразбахтин – "Қайраттың" бұрынғы бас бапкері;
Талғат Байсуфинов – қазақстандық тәжірибелі футбол маманы;
Қайрат Нұрдәулетов – отандық жаттықтырушы;
Самат Смақов – қазақстандық футбол маманы.
Әзірге аталған үміткерлердің қайсысына басымдық берілетіні және жаңа бапкердің қашан тағайындалатыны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Андрей Карпович қызметінен неге кетті?
Еске салайық, Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымы аяқталар тұста "Елімай" басшылығы Андрей Карповичпен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдаған еді.
Instagram-дағы жазба
Карпович семейлік команданы соңғы үш жыл бойы жаттықтырды. Дегенмен клуб басшылығы чемпионаттың соңғы туры қарсаңында бапкермен қоштасуды жөн көрді.
Семейлік ұжым Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында 30 матч өткізіп, 45 ұпай жинады. Нәтижесінде команда турнирлік кестеде алтыншы орынға тұрақтады.
Қуанышты жаңалықты "Зенит" клубы жариялады. 5 қарашада дүниеге келген нәрестеге Айсана есімі берілген. Сәбидің салмағы — 4300 грамм, бойы — 53 сантиметр.
Instagram-дағы жазба
Нұралы мен Әйгерім бұған дейін Алая есімді қыз тәрбиелеп отырған.
Клуб футболшы мен оның жұбайын құттықтап, Айсанаға, әпкесі Алаяға және ата-анасына мықты денсаулық пен көтеріңкі көңіл күй тіледі.
Нұралы Әліптің клуб пен құрамадағы көрсеткіштері
Әліп 2023 жылдың қаңтарында "Зенит" сапына ауысқан. Ресейлік команда құрамында қорғаушы тоғыз трофей жеңіп алды.
Ал Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінде 56 матч өткізіп, екі гол соққан.
Ұлттық біріншіліктің алтын жүлдесі үшін кездесетін боксшылардың толық тізімі:
50 кг Нұрзат Оңғаров (Жамбыл облысы) — Диас Берікбай (Жетісу облысы)
55 кг Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) — Бексұлтан Хұжанжар (Шымкент)
60 кг Бейбарыс Жексен (Жамбыл облысы) — Әділбек Қожахан (Жетісу облысы)
65 кг Мұхамедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы) — Абзал Серік (Шымкент)
70 кг Фарух Тоқтасынов (Алматы) — Елнұр Сүйінбай (Жамбыл облысы)
75 кг Аман Қонысбеков (Түркістан облысы) — Нұрбек Мұрсал (Алматы)
80 кг Санжарәлі Бегалиев (Шымкент) — Өнер Сейілхан (Батыс Қазақстан облысы)
85 кг Темірлан Мұқатаев (Астана) — Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы)
90 кг Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) — Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы)
90 кг + Данияр Рахимбердинов (Алматы)  — Ерсұлтан Сапар (Алматы)
Instagram-дағы жазба
Финалдық жекпе-жектер қашан өтеді?
Алтын медаль үшін айқастар 6 қарашада өтеді. Сол күні ерлер арасындағы он салмақ дәрежесінің чемпиондары анықталады.
Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты Таразда 30 қазан мен 6 қараша аралығында ұйымдастырылып отыр. Ел біріншілігіне Қазақстанның 20 өңірінен 369 боксшы қатысуда.
Жарыс 10–20 қараша аралығында ұйымдастырылады. Турнирге шақырылған 24 шахматшы бірнеше уақыт бақылауын біріктіретін форматта абсолютті чемпионды анықтайды. Бағдарламаға рапид пен блиц те енгізілген.
Асаубаева Total Chess ұйымдастырушылары шақырған танымал ойыншылардың қатарынан орын алды.
Асаубаеваның ықтимал қарсыластары кімдер?
Қазақстандық шахматшының ықтимал қарсыластары арасында норвегиялық Магнус Карлсен де бар. Сонымен бірге Бибісара мына ойыншылармен күш сынасуы мүмкін:
Фабиано Каруана;
Уэсли Со;
Нодирбек Абдусатторов;
Алиреза Фирузджа;
Ян Непомнящий.
Асаубаева осы маусымда Norway Chess Women турнирінде жеңімпаз атанды. Бұдан бөлек, АҚШ-та өткен Кэрнс кубогында қола жүлде иеленіп, Самарқандтағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль алды.
Нұрсейіта айқастың басында басымдық танытып, бірінші раундты өз пайдасына аяқтады. Бірақ екінші раундта Айбарұлы қарқынын арттырып, таразы басын теңестірді.
Шешуші үшінші раундта Алматы облысының өкілі қарсыласын таза нокаутқа түсірді. Осылайша Сұлтанбек Айбарұлы ел біріншілігінің финалына жолдама алды.
Тимур Нұрсейітов жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Instagram-дағы жазба
Қазақстан чемпионаты қашан аяқталады?
Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы 2026 жылғы Қазақстан чемпионаты Таразда 30 қазан мен 6 қараша аралығында өтіп жатыр.
Турнирде барлығы 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер де, әйелдер де он салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Бокстан Таразда өтіп жатқан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатында ерлер арасындағы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалдық жекпе-жегі өтті.
Қызылорда облысының өкілі Нұрсұлтан Алтынбек Қарағанды облысының боксшысы Нұрислам Бекенмен кездесіп, финал жолдамасы үшін жұдырықтасты.
Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысында төрешілердің шешімімен Нұрсұлтан Алтынбек 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін ол Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды.
Ал Нұрислам Бекен ел біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.
Алтынбек – Азияның екі дүркін чемпионы
Нұрсұлтан Алтынбек бұған дейін жастар арасында екі рет Азия чемпионы атанған.
Енді ол ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының алтын медалі үшін жұдырықтасады.
Қазақстан чемпионатына 369 боксшы қатысып жатыр
2026 жылғы Қазақстан чемпионаты Тараз қаласында 30 қазан мен 6 қараша аралығында өтіп жатыр.
Биылғы жарысқа елдің 20 өңірінен 369 боксшы қатысуда. Медальдар ерлер арасында он салмақта және әйелдер арасында да он салмақ дәрежесінде сарапқа салынып жатыр.
ҚХЛ-дың екі конференциясында да командалар бір-біріне өте жақын орналасқандықтан, кез келген матч турнир кестесіндегі жағдайды өзгерте алады. Шығыстың көшбасшысы "Металлург" қана қарсыластарынан жайлы ұпай айырмасымен ұзай алды. Бірақ Olimpbet сарапшыларының пікірінше, "Нефтехимик" кез келген қарсыласқа қиындық туғыза алады және мұз айдынынан голсыз кетпейді.
Көшбасшы қуғыншыға қарсы
Шығыс конференциясындағы екі мықты команданың жекпе-жегі осы маусымда үшінші рет өтеді. Алдыңғы екі кездесуде де жеңіс "Магниткада" қалды. Ол чемпионаттағы ең нәтижелі команда саналады: 24 матчта 79 шайба соққан. Дәл осы шабуылдағы тамаша ойынының арқасында команда жалпы турнир кестесінде де көш бастап тұр.
Алайда Константин Шафранов шәкірттері әзірге ұзақ жеңісті серияға шыға алмай жүр. "Металлург" соңғы үш матчтың екеуінде жеңіліп, үйдегі сериясын ЦСКА-дан 3:7 есебімен ұтылудан бастады.
"Нефтехимик" Шығыста екінші орынды ұстап тұр. Қазір "Магниткадан" жеті ұпайға қалып келеді, бірақ қорда тағы бір ойыны бар. Үшінші орында тұрған "Барыс" небәрі үш ұпайға артта.
Игорь Гришин командасы қараша айын сәтті бастады: сырт алаңда "Сібірді" 3:1, ал "Сочиді" 2:1 есебімен жеңді.
Нижнекамск командасы қарсылас қақпасына жылдам шабуылдар арқылы қауіп төндіреді, бірақ жоғары қарқынды ұзақ уақыт ұстап тұруда қиналады және қорғаныстан шабуылға ауысуы оңай емес.
"Металлургтың" да қорғаныста мәселелері бар – команда бір ойында орта есеппен үш шайба жіберіп жүр. Сондықтан алаң иелеріне де шайбаға бақылауды жоғалтуға болмайды.
Қарымта қайтара ала ма?
Бұл командалардың кездесулері әдетте тартысты әрі нәтижелі өтеді. Olimpbet сарапшылары "Металлург" жеңіске жетеді және екі команда қосылып бес шайбадан көп соғады деп күтеді.
Фото: olimpbet.kz
"Шанхай Айдаһарлары" (Шанхай) – "Динамо" (Мәскеу). 5 қараша, 21:30
Батыс конференциясында бәсеке тіпті тығыз. "Айдаһарларға" топ-5-ке қайта оралу үшін небәрі екі матч жеткілікті болды. Бірақ Olimpbet сарапшылары мәскеулік "Динамомен" кездесуде командалардың жеңіске жету мүмкіндігін шамалас деп бағалайды.
Батыстағы күрес
Қазан айында "айдаһарлар" мәскеуліктерді жеңіп үлгерген, бірақ айырмашылық небәрі бір шайба болған – 3:2.
Екі команда да екі матчтық жеңісті сериямен келе жатыр. Санкт-Петербургте орналасқан Қытай клубы "Салават Юлаевты" 3:2 және "Северстальді" 3:1 есебімен жеңді.
Ал "Динамо" "Амурды" 2:1 және Минскінің аттас командасын 4:0 есебімен ұтты.
"Айдаһарлар" әртүрлі тәсілмен ойнайды, қорғаныстан шабуылға жылдам ауысады, бірақ соңғы матчтарда қорғаныс шебі жиі сыр беріп жүр. Митч Лав шәкірттері соңғы төрт матчта өз қақпасына он шайба жіберген.
Ал "Динамо", керісінше, қақпа маңында тәртіптірек ойнап, осының арқасында жағдайын түзеп келеді.
Қазір Леонид Тамбиев командасы Батыста жетінші орында. Бірақ үшінші орында тұрған "айдаһарлардан" бар болғаны жеті ұпайға қалып келеді. Салыстыру үшін айтсақ, Шығыста дәл осындай айырмашылық бірінші және екінші орын арасындағы алшақтыққа тең.
Интрига матч соңына дейін сақталады
Батыс конференциясының шыңына ұмтылып жүрген "айдаһарларға" оңай матч болмайтыны анық. Olimpbet сарапшылары қытайлық клуб аз ғана басымдықпен жеңіске жетеді деген пікірге бейім. Ең ықтимал есеп – 3:2.
Қазақстанның вице-чемпионы "кіші" еурокубоктың жалпы кезеңіндегі үшінші матчын Бергамода өткізеді.
Olimpbet сарапшылары "Қайратпен" кездесуде "Аталантаны" айқын фаворит деп санайды. Олардың пікірінше, алаң иелерінің төрт доп айырмасымен ірі жеңіске жету мүмкіндігі қонақтардың кем дегенде тең есепке қол жеткізу ықтималдығынан жоғары.
Турнирлік жағдай
Италиялық команда Конференциялар лигасының 2026/27 маусымындағы жалпы кезеңін сәтті бастады – өз алаңында Кипрдің "Пафосын" 3:1 есебімен сенімді жеңді. Алайда кейін "қара-көктер" Амстердамда сәтсіз ойнап, "Аякстан" 0:2 есебімен жеңілді. Соның салдарынан Бергамо клубы турнир кестесінің екінші ондығының орта тұсында қалып қойды.
Ал "Қайраттың" жағдайы әлдеқайда күрделі. Алматылықтар турнирді "Ригамен" сырт алаңдағы 1:1 есебіндегі тең ойынмен бастағанымен, кейін өз алаңында "Панатинаикостан" 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Бір ұпай жинаған "сары-қаралар" 24 клуб шығатын плей-офф аймағынан тыс тұр.
Статистика
"Аталанта" "Қайратқа" қарағанда көбірек гол соқты (3-ке қарсы 1) және екі есе аз гол жіберді (3-ке қарсы 6).
Бұл ретте италиялықтардың соққылар саны бойынша басымдығы аса үлкен емес – бір матчта орта есеппен 14,5-ке қарсы 13. Қақпаға дәл тиген соққылар бойынша көрсеткіш 4-ке қарсы 3, ал бұрыштама добы бойынша 6-ға қарсы 4. Дегенмен Серия А өкілі допты Қазақстан Премьер-лигасының күміс жүлдегеріне қарағанда әлдеқайда жақсы бақылайды – ойын уақытының 54%-ына қарсы 39%.
Тәртіп
"Аталанта" футболшылары турнирдің жалпы кезеңінде екі сары қағаз алды. Екеуі де "Аякспен" ойында көрсетілді. "Қайрат" ойыншылары бес сары қағаз жинап үлгерді. Конференциялар лигасының 2026/27 маусымында бұл екі команданың да құрамында алаңнан қуылған футболшы болған жоқ.
Соңғы матчтар
Өткен сенбіде "Қайрат" Қазақстандағы ішкі маусымды аяқтады. Турнирлік тұрғыдан ештеңе шешпейтін матчта алматылықтар өз алаңында Өскеменнің "Алтайымен" 1:1 есебімен тең түсті.
"Аталантада" чемпионат қызған шақта өтіп жатыр. Алайда Бергамо клубының ел біріншілігіндегі жағдайы мәз емес. Маурицио Сарри командасы ұлттық чемпионатта қатарынан төрт тур бойы жеңіске жете алмай келеді. Өткен демалыста "қара-көктер" өз алаңында "Пармадан" 0:3 есебімен ойсырай жеңіліп, Серия А турнирлік кестесінде 13-орынға түсіп қалды.
Қорытынды
Соған қарамастан, Olimpbet сарапшылары "Аталантаның" жеңісіне күмән келтірмейді деуге болады. Олардың пікірінше, алаң иелері есепті бірінші тайм аяқталғанға дейін ашады және екі таймда да гол соғады.
Бұл матчта кемінде тоғыз бұрыштама добы болады деп күтіледі. Осы көрсеткіш бойынша да италиялық клубқа едәуір басымдық беріліп отыр.
"Хетафе" (Испания) – "Брайтон энд Хоув Альбион" (Англия). 6 қараша, 01:00.
Конференциялар лигасының үшінші турындағы орталық матчтардың бірі Мадридте өтеді. Онда "Хетафе" ағылшындық "Брайтонды" қабылдайды.
Olimpbet сарапшылары британдықтарды испаниялықтармен кездесудің айқын фавориті деп санайды. Олардың пікірінше, қонақтардың жеңіске жету мүмкіндігі алаң иелеріне қарағанда шамамен төрт есе жоғары.
Турнирлік жағдай
Испания астанасының клубы Конференциялар лигасының 2026/27 маусымында әзірге жарқырай алмай жүр. Жалпы кезеңде өткізген екі матчта "Хетафе" небәрі бір ұпай жинады. Ол ұпай турнирдің алғашқы ойынында Румынияның "Университатя" клубымен сырт алаңдағы 1:1 есебіндегі тең ойыннан кейін бұйырды.
Алайда кейін Хосе Бордалас командасы өз алаңында Швейцарияның "Луганосынан" 2:5 есебімен ірі жеңіліс тапты. Бір қызығы, "Хетафе" сол ойында есепті екінші минутта ашқан еді. Екі тур қорытындысы бойынша "Хетафе" Конференциялар лигасының плей-офф аймағынан тыс тұр.
"Шағалалар" әлдеқайда жоғары ұшып келеді – нақтырақ айтқанда, төрт ұпаймен тоғызыншы орында. Алғашқы матчта "Брайтон" өз алаңында Литваның "Кауно Жальгирисін" 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Кейін сырт алаңда Чехияның "Яблонецін" жеңе алмады – 0:0. Сол матчта ағылшындар допқа ойын уақытының 72%-ында иелік еткен.
Статистика
"Брайтон" "Хетафеге" қарағанда көбірек гол соқты (4-ке қарсы 3) және әзірге бірде-бір гол жіберген жоқ. Ал мадридтіктердің қақпасына алты доп кірген.
Футболдың отаны саналатын елдің клубы соққылар саны бойынша орасан басымдыққа ие – бір матчта орта есеппен 26,75-ке қарсы 16. Допқа иелік ету көрсеткіші де жоғары – 74%-ға қарсы 54,5%. Қақпаға дәл тиген соққылар бойынша айырмашылық аздау – 6,25-ке қарсы 5, ал бұрыштама бойынша 9,5-ке қарсы 6,75.
Соңғы матчтар
"Шағалалар" Англия Премьер-лигасының өткен турын тамаша өткізді – сырт алаңда "Манчестер Ситиді" 1:0 есебімен жеңіп, "қалалықтарды" Премьер-лигадағы көшбасшылықтан айырды. Ал өздері үшінші орынға орнықты.
"Хетафе" де ұлттық чемпионаттағы соңғы кездесуін сәтті өткізді. Испания чемпионатының 11-туры аясында команда өз алаңында "Севильяны" 3:1 есебімен жеңді. Алайда Ла Лига турнирлік кестесінде астаналық клуб алғашқы ондыққа да кірмейді.
Қорытынды
Olimpbet сарапшылары "Колисеум" аренасындағы матчтың аз голды да, көп голды да өту ықтималдығын шамамен бірдей деп бағалайды. Сонымен бірге олар "Брайтон" кемінде екі гол соғады деген болжамға көбірек бейім.
Мадридтегі кездесуде тоғыздан артық бұрыштама болмайды деп күтіледі. Бұл көрсеткіш бойынша да қонақтарға айқын басымдық беріліп отыр.
Бокстан Таразда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында ерлер арасындағы 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалдық жекпе-жегі өтті.
Түркістан облысының атынан өнер көрсететін Сағындық Тоғамбай Қарағанды облысының өкілі Нұрмағамед Юсуповпен кездесіп, финал жолдамасын иеленді.
Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Сағындық Тоғамбайға берді. Есеп – 4:1.
Instagram-дағы жазба
Осылайша, Тоғамбай 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының финалына шықты. Ал Нұрмағамед Юсупов жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Сағындық Тоғамбай – ұлттық құрама мүшесі
Сағындық Тоғамбай Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетеді. Оның басты жетістіктерінің қатарында 2024 жылғы Азия чемпионатының алтын жүлдесі және 2022 жылғы Азия ойындарының қола медалі бар.
Айта кетейік, бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері 6 қарашада өтеді.
Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасы екінші медалін иеленді.
Триатлоннан сынға түскен Рамазан Айнегов қола жүлдегер атанды. Қазақстандық триатлоншы жарыс жолын 53 минут 27 секундта аяқтады.
Ол жапониялық Дайки Нисидзакимен бір уақытта мәреге жетіп, үшінші орынды бөлісті. Екі спортшы да жеңімпаздан небәрі 14 секундқа қалып қойды.
Алтын жүлдені Португалия өкілі жеңіп алды
Жарыстың жеңімпазы португалиялық Артур Гашпар болды. Ол мәреге 53 минут 13 секундта жетті.
Екінші орынды Люксембург атынан өнер көрсеткен Эмиль Ванолст иеленді. Оның нәтижесі – 53 минут 23 секунд.
Қазақстан қоржынында екі медаль бар
Осылайша, Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жүлде саны екіге жетті. Бұған дейін ел қоржынына алғашқы медальді дзюдошы Фатима Сұпығалиева салған еді. Ол 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Бокстан Таразда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жартылай финалында ерлер арасындағы 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күтпеген нәтиже тіркелді.
Батыс Қазақстан облысының өкілі Даниял Сәбит Жамбыл облысының атынан сынға түскен Нұрзат Оңғаровпен кездесіп, финал жолдамасы үшін жұдырықтасты.
Тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің шешімі екіге жарылды.
Нұрзат Оңғаров 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионатының финалына шықты. Ал Даниял Сәбит жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Instagram-дағы жазба
Енді Нұрзат Оңғаров алтын медаль үшін Жетісу облысының өкілі Диас Берікбаймен жұдырықтасады. Осылайша, 50 келіге дейінгі салмақта жаңа Қазақстан чемпионы анықталады.
Айта кетейік, Даниял Сәбит былтыр Семейде өткен Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді. Алайда биыл ол жартылай финалда жеңіліп, ел чемпионы атағын қорғай алмады.
Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 6 қарашада аяқталады.
Бокстан Таразда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта күтпеген нәтиже тіркелді. Әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов жартылай финалда жеңіліп, финалға шыға алмады.
Ақмола облысының атынан өнер көрсеткен Асылқұлов шешуші жолдама үшін Жетісу облысының өкілі Әділбек Қожаханмен жұдырықтасты.
Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Әділбек Қожаханға берді. Есеп – 5:0.
Instagram-дағы жазба
Осылайша, Қожахан Қазақстан чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін жұдырықтасатын болды. Ал Оразбек Асылқұлов ел біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.
Әлем чемпионы финалдан тыс қалды
Бұл нәтиже 55 келіге дейінгі салмақтағы басты сенсациялардың біріне айналды.
Оразбек Асылқұлов – 2025 жылғы IBA әлем чемпионы және 2026 жылғы Азия чемпионы. Сондықтан оның жартылай финалда айқын есеппен жеңілуі күтпеген нәтиже болды.
Өткен айда Асылқұлов Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарына да қатысып, алғашқы кездесуінде турнирмен қоштасқан еді.
"Бавария" шабуылшысы Харри Кейн неміс клубымен келісімшартын 2029 жылға дейін ұзартқаннан кейін Еуропадағы ең жоғары жалақы алатын футболшы атанды. Бұл туралы The Athletic хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, жаңа келісім бойынша ағылшын шабуылшысының жалақысы клуб тарихындағы ең жоғары көрсеткішке айналады. Сонымен қатар Кейн Еуропадағы ең көп жалақы алатын футболшы мәртебесіне ие болады.
Кейн "Баварияда" 2023 жылдан бері ойнап жүр
33 жастағы шабуылшы мюнхендік клубқа 2023 жылы қосылған.
Осы уақыт аралығында Гарри Кейн:
Бундеслиганы екі рет жеңді;
Германия кубогын иеленді;
ел Суперкубогын екі рет жеңіп алды.
"Алтын допты" да жеңіп алды
2026 жылдың қазанында Англия құрамасының капитаны "Алтын доп" жүлдесінің иегері атанды.
Transfermarkt порталы Гарри Кейннің қазіргі нарықтық құнын 60 миллион еуроға бағалайды.
Осылайша, жаңа келісім Кейннің "Бавариядағы" мәртебесін одан әрі күшейтіп, оны Еуропадағы ең қымбат жалақы алатын ойыншы деңгейіне шығарды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (17-0, 15 КО) келесі жекпе-жегінің қашан өтуі мүмкін екені және командасының өзіне қатысты жоспары туралы пікір білдірді.
Жеңіліссіз келе жатқан 28 жастағы боксшының сөзінше, әзірге келесі айқастың нақты күні белгіленбеген. Десе де, командасы өзіне үлкен үміт артып отырғанын айтты.
"Маған әзірге нақты күнді айтқан жоқ. Бірақ олардың маған қатысты үлкен жоспарлары бар. Мұны үнемі айтып жүр. Сондықтан чемпиондыққа дейін осы қарқынды сақтап, босаңсымауым керек", – деді Бек Нұрмағанбет.
Бек Нұрмағанбет өткен демалыста Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен ірі бокс кешінде мексикалық Маркос Васкес Родригеспен (21-4-1, 10 КО) кездесті.
Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді. Раундтың аяқталуына шамамен бір минут қалғанда Нұрмағанбет мексикалық боксшыны нокдаунға түсірді. Ал алғашқы үш минуттықтың соңына санаулы секунд қалғанда сол қолымен қуатты соққы жасап, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
"Канелоның" андеркардында өнер көрсетті
Нұрмағанбет бұл жекпе-жекті өзінің спарринг-серіктесі "Канело" Альварес қатысқан титулдық бокс кешінің андеркардында өткізді.
Осы жеңістен кейін Бек Нұрмағанбеттің кәсіпқой рингтегі көрсеткіші 17 жеңіске жетті. Оның 15-ін нокаутпен аяқтаған.
Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралған қарағандылық "Шахтер" жаңа маусым алдында шетелдік ойыншыларды іздейтін басым бағыттарын белгіледі.
AmanVIBE мәліметінше, клубтың скаутинг бөлімі маусым бойы Скандинавия елдері мен бұрынғы Югославия мемлекеттерінің футбол нарығын зерттеген.
Қарағандылық клуб алдағы уақытта осы аймақтардан футболшылармен келіссөз жүргізіп, жаңа легионерлерді қатарына қосуды жоспарлап отыр. "Шахтердің" скауттары Скандинавия мен Балқан аймағындағы футболшыларды бірнеше ай бойы бақылаған. Енді клуб селекциялық жұмыстың келесі кезеңіне өтіп, нақты трансферлерді қарастырмақ.
"Шахтер" Африка нарығын да зерттеп жатыр
Клуб тек Еуропамен шектелмейді. Команданың бас скауты Михаил Габышев Нигерияға барып, жергілікті футболшылар нарығымен танысқан.
Осылайша, "Шахтер" жаңа маусымға құрам жасақтау кезінде Скандинавия, бұрынғы Югославия елдері және Африка бағыттарын негізгі селекциялық нарықтардың бірі ретінде қарастырып отыр.
Айта кетейік, өткен маусымда қарағандылық команда Бірінші лигада мерзімінен бұрын чемпион атанып, Қазақстан Премьер-лигасына қайта жолдама алған еді.
Ресей атынан өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері Ильяс Хамзин қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың UFC чемпионы атану мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
Хамзиннің сөзінше, Алмабаевтың титул үшін күресуге қажетті қарым-қабілеті бар.
"Иә, әрине, ол UFC чемпионы атана алады. Асуда оған қажет нәрсенің бәрі бар. Соққы техникасы жақсы, күресі мен грэпплингі де мықты. Сондықтан оның титулды жеңіп алу мүмкіндігі жоғары", – деді Хамзин.
Алмабаевтың келесі қарсыласы – Кёдзи Хоригути
Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін 21 қарашада Қатардың Доха қаласында өтетін UFC Fight Night турнирінде өткізеді.
Оның қарсыласы жапониялық Кёдзи Хоригути болады.
Хоригутидің кәсіпқой мансабындағы көрсеткіші – 36 жеңіс және 6 жеңіліс.
Екі файтер де рейтингтің үздік ондығында
UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде Кёдзи Хоригути 6-орында, ал Асу Алмабаев 7-сатыда тұр. Сондықтан Дохадағы жекпе-жек қазақстандық файтердің титулдық мүмкіндікке жақындай түсуі үшін маңызды кездесулердің біріне айналуы мүмкін.
Италиялық журналист Андреа Рискассидің Non Solo Atalanta басылымында жарияланған ақпаратына сәйкес, "Аталанта" мен "Қайрат" арасындағы матчты тамашалау үшін Қазақстаннан 133 жанкүйер келеді деп күтілуде.
Қазақстан мен Бергамоның арақашықтығы шамамен 5450 шақырымды құрайтынын ескеріп, журналист мұндай қолдаудың айтарлықтай жақсы екенін атап өткен. Дегенмен жарияланған сан әзірге алдын ала болжам.
"Аталанта" – "Қайрат" матчы қашан өтеді?
Командалар Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында кездеседі. Ойын бүгін, 5 қарашада Бергамодағы "Нью Баланс Арена" стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
Еске салсақ, алматылық клуб еурокубок ойындарындағы екінші кездесуінде Грекияның "Панатинаикос" командасына 1:5 есебімен есе жіберді. "Қайрат" сапынан соғылған жалғыз голдың авторы Исмаил Бекболат.
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған әлемдік рейтингінде бір саты төмендеді.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы қазір 21-орында тұр. Айта кетейік, Әбужақынова 2025 жылдың соңында осы салмақ дәрежесіндегі әлемдік рейтингте көш бастаған еді.
Әбужақынованың еншісінде 2078 ұпай бар
Жаңартылған рейтинг бойынша Абиба Әбужақынова 2078 рейтингтік ұпай жинаған. Соңғы өзгерістен кейін ол бір сатыға төмендеп, үздік жиырмалықтан тыс қалды.
48 келіге дейінгі салмақта рейтинг көшін жапониялық Вакана Кога бастап тұр. Оның еншісінде 5750 ұпай бар.
Екінші орында ресейлік Сабина Гилязова – 4793 ұпай, ал үшінші сатыда франциялық Ширин Букли – 4765 ұпай.
Бір жыл бұрын рейтинг көшбасшысы болған
Абиба Әбужақынова 2025 жылдың қорытындысында 48 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингтің бірінші орнында тұрған. Алайда кейінгі нәтижелер оның рейтингтегі жағдайына әсер етіп, қазақстандық дзюдошы 21-орынға дейін төмендеді.
Әбужақынованың соңғы халықаралық жарысы 2026 жылы Бакуде өткен әлем чемпионаты болды.
Қазақстандық спортшы 4 қазанда алғашқы айналымда Түркия өкілі Мерве Азакпен кездесіп, жеңіліп қалды.
Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтетін WTA қорытынды турнирі қарсаңында жанкүйерлеріне үндеу жасады.
Қазақстандық спортшы маусымның соңғы ірі жарысын асыға күтіп жүргенін айтып, көрермендерді матчтарға шақырды.
"Кортта кездескенше!"
Рыбакина Tennis Channel-дің Instagram парақшасында жарияланған видеода жыл бойы қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс білдірді.
"Баршаңызға сәлем! Индиан-Уэллсте жүргеніме өте қуаныштымын. Біздің ойынымызды көруге келіңіздер және маусымның соңғы теннис аптасын бірге тамашалаңыздар. Әрине, жыл бойы мені қолдаған барлық жанкүйерге үлкен рақмет. Кортта кездескенше!" – деді Рыбакина.
Жеребе қорытындысы бойынша Елена Рыбакина бірінші топқа түсті. Онымен бірге америкалық Кори Гауфф пен Джессика Пегула, сондай-ақ Чехия өкілі Линда Носкова өнер көрсетеді.
Қазақстандық теннисші турнирдегі алғашқы матчын Носковаға қарсы өткізеді.
Әлемдік рейтингтің бірінші және сегізінші ракеткалары арасындағы кездесу 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні өтеді. Матчтың басталуы Қазақстан уақытымен 01:00-ге жоспарланған.
Топтан екі теннисші плей-оффқа шығады
WTA қорытынды турнирінің ережесіне сәйкес, әр топтағы теннисшілер бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша кездеседі. Топтық кезең аяқталған соң үздік нәтиже көрсеткен екі спортшы плей-офф кезеңіне жолдама алады.
Айта кетейік, маусымның үздік сегіз теннисшісі қатысатын WTA Finals 8–15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді.
Словакия ұлттық құрамасы Ұлттар лигасында Қазақстанмен өтетін шешуші матч қарсаңында құрамға қатысты қиындықтарға тап болды. Командада негізгі  ойыншыларының жетіспеуі бас бапкерді бірнеше жаңа футболшыны шақыруға мәжбүр етті.
Словакия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс Ұлттар лигасының С дивизионы үшінші тобындағы соңғы екі кездесуге төрт дебютантты шақырды.
Словакия құрамасының Фарер аралдары және Қазақстанға қарсы матчтарына қорғаушы Тобиаш Палишчак, жартылай қорғаушылар Людовит Рейс пен Себастьян Небыла, сондай-ақ шабуылшы Матей Труса шақырылды.
Қазақстанмен матч Астанада өтеді
Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойындар аясында Словакия 13 қарашада Фарер аралдарымен кездеседі.
Ал 16 қарашада словак футболшылары Астанада Қазақстан құрамасына қарсы ойнайды. Матч "Астана Арена" стадионында өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан мен Словакия арасындағы алғашқы кездесу Кошице қаласында өткен. Сол матчта Словакия құрамасы Қазақстанды 2:1 есебімен жеңген еді.
Біріккен күрес әлемі ұйымы (UWW) 74 келі салмақ дәрежесіндегі балуандардың жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа тізімде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрқожа Қайпанов бірден 25 саты жоғарылап, әлемдік рейтингтің үшінші орнына тұрақтады.
Отандасымыздың еншісінде 48 400 рейтингтік ұпай бар. Осы нәтижесінің арқасында ол 45 480 ұпай жинаған словакиялық Таймураз Салказановты басып озды.
74 келідегі әлемдік рейтингтің көшбасшылары
Иналбек Шериев (Ресей)               55 200 ұпай
Йошиносукэ Аояги (Жапония)       53 400
Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан)      48 400
Таймураз Салказанов (Словакия) 45 480
Қайпанов Астанада қалай өнер көрсетті?
Еске салайық, Нұрқожа Қайпанов елордада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатында 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды. Ол финалға дейін төрт қарсыласын тізе бүктірді. Алдымен Косово өкілі Эгзон Хониді 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңсе, кейін әзербайжандық Туран Байрамовтан 4:0 есебімен басым түсті.
Ширек финалда тәжікстандық Виктор Рассадинді 11:0 есебімен ұтып, жартылай финалда жапониялық Йошиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен жеңді. Ал алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде ресейлік Иналбек Шериевке 4:10 есебімен есе жіберді.
Қайпанов еркін күрестен Қазақстанның ерлер құрамасы сапында Астанадағы әлем чемпионатының финалына шыққан жалғыз балуан атанды.
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Instagram парақшасында Нұрғиса Әділетұлының жетістігіне арналған бейнежазба жариялады. Ол отандасының әлемдік додадағы өнеріне жоғары баға беріп, қуанышын көпшілікпен бөлісті.
"Қазақстан, 95 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионатының күміс медалімен құттықтаймын! Нұрғиса Әділетұлы, сені жеңісіңмен құттықтаймын! Күміс медалің құтты болсын! Шын жүректен құттықтаймын!" – деп жазды Илья Ильин.
Instagram-дағы жазба
Әлем рекордын жаңартты
4 қарашада Қытайдың Нинбо қаласында өткен әлем чемпионатында Нұрғиса Әділетұлы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, күміс жүлде иемденді. Зілтемірші жұлқа көтеруде 182 келіні бағындырып, әлемдік рекорд орнатты. Бірақ кейін болгариялық Карлос Насар 185 келіні көтеріп, бұл көрсеткішті жаңартты.
Серпе көтеруде Нұрғиса 217 келіні еңсерді. Осылайша екі жаттығудың қорытындысы бойынша 399 келі жинап, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Әйелдер арасындағы шешуші кездесулер 6 қарашада өтеді. Елдің әр өңірінен келген былғары қолғап шеберлері алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады.
Финалдық кезеңге Қазақстан құрамасының тәжірибелі өкілдерімен қатар, ұлттық біріншілікте жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар да жолдама алды.
Финалда кімдер кездеседі?
2026 жылғы Қазақстан чемпионатының әйелдер арасындағы финалдық жұптары төмендегідей:
48 келі: Әйгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы) – Гүлназ Бөрібаева (Қарағанды облысы).
51 келі: Анита Әдішева (Қарағанды облысы) – Жансая Рахымберді (Шымкент).
54 келі: Назым Қызайбай (Алматы) – Элина Базарова (Шымкент).
57 келі: Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы) – Шахназ Исаева (Алматы).
60 келі: Виктория Графеева (Алматы) – Анар Тұрсынбек (Жетісу облысы).
65 келі: Аида Әбікеева (Қарағанды облысы) – Лаура Есенгелді (Шымкент).
70 келі: Бақыт Сейдиш (Алматы) – Аружан Жанабаева (Түркістан облысы).
75 келі: Шұғыла Нәлібай (Түркістан облысы) – Әзиза Исина (Қарағанды облысы).
80 келі: Надежда Рябец (Қостанай облысы) – Айдана Убайдуллақызы (Қарағанды облысы).
80 келіден жоғары: Елдана Тәліпова (Алматы) – Дина Исламбекова (Қарағанды облысы).
Назым Қызайбай да алтын медальға таласады
Финалдық кездесулердің бірі 54 келі салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл сында қазақстандық танымал боксшы Назым Қызайбай Шымкент өкілі Элина Базаровамен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Сонымен қатар Виктория Графеева, Аида Әбікеева және басқа да финалистер өз салмақтарында ел біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алуға мүмкіндік алды.
Instagram-дағы жазба
Еске салайық, бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 6 қарашаға дейін жалғасады.
Биылғы ұлттық біріншілікте барлығы 20 салмақ дәрежесі бойынша медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Оның оны ерлерге, қалған оны әйелдерге тиесілі.
WTA 250 турнирі Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатыр. Дуэт жарыстың алғашқы кезеңінде жапониялық Хироко Кувата мен үндістандық Анкита Райнаға қарсы ойнап, 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу бір сағатқа созылды.
Теннисшілер жұбы жартылай финалға шығу үшін Май Хонтама мен Моюка Утидзима (Жапония) және Вероника Фальковская (Польша) мен Алана Смит (АҚШ) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Фальковская мен Смит турнирдің екінші нөмірлі жұбы саналады.
Chennai Open турнирі ашық хард корттарында өтіп жатыр. Жарыстың жүлде қоры 283 347 долларды құрайды.
Әйелдер арасындағы 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінің жартылай финалында Қарағанды облысының өкілі Дина Исламбекова мен Алматы қаласының боксшысы Әсел Тоқтасын кездесті. Жекпе-жек алғашқы раундтан-ақ тартысты басталды. Исламбекова қарсыласына қысым көрсетіп, бірінші раундта нокдаунға түсірді.
Екінші раундта да қарағандылық боксшы басымдығын сақтап, Әсел Тоқтасынға тағы бір нокдаун есептелді. Осы сәттен кейін төреші кездесуді тоқтату туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Дина Исламбекова екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионатының финалына шықты.
Instagram-дағы жазба
Финалда екі Азия чемпионы кездеседі
2026 жылғы Азия чемпионы Дина Исламбекова енді шешуші жекпе-жекте Алматы қаласының өкілі Елдана Тәліповамен қолғап түйістіреді. Айта кетейік, Елдана Тәліпова жартылай финалда Ақмола облысының боксшысы Валерия Аксенованы төрешілердің бөлек шешімімен 4:1 есебімен жеңген.
Тәліпова – 2024 жылғы Азия чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионаттарының жүлдегері. Сөйтіп 80 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі алтын медаль үшін екі Азия чемпионы өзара мықтыны анықтайды.
Ел біріншілігінде жалпы 20 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оның оны ерлерге, қалған оны әйелдерге арналған салмақ дәрежелерінде табысталады.
Бокстан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының жартылай финалында 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде екі атақты боксшы шаршы алаңға шықты. Алматы намысын қорғаған Елдана Тәліпова Ақмола облысының өкілі Валерия Аксеновамен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты кездесуде қос боксшы да жеңіске жету үшін барын салды. Жекпе-жек қорытындысында төрешілердің шешімі екіге бөлініп, 4:1 есебімен Елдана Тәліпова жеңімпаз атанды.
Instagram-дағы жазба
Бұл кездесудің басты ерекшелігі – екі боксшы да халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген.
Елдана Тәліпова 2024 жылы Азия чемпионы атанған. Сонымен қатар 2025 жылы IBA және World Boxing ұйымдары ұйымдастырған әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болды.
Ал оның қарсыласы Валерия Аксенова 2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Сонымен қатар 2026 жылы бокстан әлем кубогының алғашқы кезеңінде топ жарған.
Сөйтіп халықаралық аренада жетістікке жеткен екі боксшының текетіресінде Тәліпованың мерейі үстем болды.
Еске салайық, 2026 жылғы бокстан Қазақстан чемпионаты Таразда 6 қарашаға дейін жалғасады.
Қарағанды облысының намысын қорғайтын Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Батыс Қазақстан облысының өкілі Ақнәр Исановамен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Әбікеева өзінің шеберлігін көрсетіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша қарағандылық боксшы Қазақстан чемпионатының финалына шығып, алтын жүлдеге бір табан жақындады. Ал Ақнәр Исанова жарысты қола медальмен аяқтады.
Instagram-дағы жазба
Айта кетейік, Аида Әбікеева – Қазақстан әйелдер боксының көшбасшыларының бірі. Ол 2025 жылы World Boxing және IBA ұйымдары өткізген әлем чемпионаттарында топ жарып, екі мәрте әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар 2024 жылы Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алған.
Енді тәжірибелі былғары қолғап шебері ел біріншілігінің шешуші жекпе-жегінде Қазақстан чемпионы атағы үшін сынға түседі.
Қазақстан чемпионаты қашан аяқталады?
Еске салайық, бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 30 қазан мен 6 қараша аралығында Таразда өтіп жатыр.
Ел біріншілігінде боксшылар чемпиондық атақтар мен жүлделі орындар үшін бақ сынауда.
Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін иемденді. 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрғиса Әділетұлы он қарсыласымен бәсекеге түсіп, жоғары нәтиже көрсетті. Ол жұлқа көтеруде 182 келіні, ал серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Нәтижесінде қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі жинап, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Сонымен қатар отандасымыз жұлқа және серпе көтеру жаттығуларында әлемдік рекордтар тіркеп, жеке мансабындағы ең жоғары қоссайыс нәтижесіне қол жеткізді.
Instagram-дағы жазба
Әлем чемпионатының үздік үштігі:
Карлос Насар (Болгария) 415 кг 185 + 230 кг
Нұрғиса Әділетұлы (Қазақстан) 399 кг 182 + 217 кг
Әли Әліпур (Иран) 396 кг 181 + 215 кг
Бірінші орынды болгариялық Карлос Насар иеленді. 2021, 2024 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанған зілтемірші бұл жолы да қарсыластарынан басым түсті. Ал қазақстандық ауыр атлет ирандық Әли Әліпурды үш келі айырмашылықпен артта қалдырды.
Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионаттарында қанша медаль жеңіп алды?
Қытайдағы күміс жүлде отандасымыздың әлем чемпионаттарындағы үшінші медалі болды. Бұған дейін ол 2022 жылы күміс, ал 2024 жылы алтын медаль жеңіп алған еді. Осылайша қазақстандықтың еншісінде әлем біріншіліктерінің бір алтын және екі күміс жүлдесі бар.
Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлы бұған дейін Айти мен Нагояда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында да күміс жүлдегер атанған. Сол жарыста ол ирандық Әли Әліпурға есе жіберген.
Нұрғиса Әділетұлы 2000 жылғы 9 қазанда Түркістан облысының Бөген ауылында дүниеге келген. Қазір халықаралық жарыстарда Шымкент қаласының атынан өнер көрсетеді.
Жеке бапкері – Жәнібек Кішкенбаев.
Негізгі жетістіктері:
2019 жыл – жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері;
2020 жыл – жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы;
2021 жыл – Азия чемпионатының күміс жүлдегері;
2022 жыл – әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
2024 жыл – әлем чемпионы;
2025 жыл – Ислам ынтымақтастығы ойындарының үш дүркін чемпионы;
2026 жыл – Азия ойындарының күміс жүлдегері;
2026 жыл – әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Нұрғиса Әділетұлы – Қазақстан Республикасының спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Әйелдер арасындағы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақмола облысының өкілі Карина Ибрагимова мен Алматы қаласының боксшысы Шахназ Исаева финал жолдамасын сарапқа салды.
Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте екі боксшы да жеңіске жету үшін барын салды. Нәтижесінде төрешілердің пікірі екіге бөлініп, 3:2 есебімен Шахназ Исаева жеңімпаз атанды.
Осылайша алматылық боксшы тәжірибелі қарсыласын сенсациялық түрде жеңіп, Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды. Ал Карина Ибрагимова жарысты қола медальмен аяқтады.
Instagram-дағы жазба
Титулды боксшы финалдан тыс қалды
Карина Ибрагимова – Қазақстан әйелдер боксының танымал өкілдерінің бірі.
Оның халықаралық аренадағы басты жетістіктері:
2022 жылғы Азия чемпионы;
2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері;
Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері.
Осындай мол тәжірибесі мен халықаралық жетістіктеріне қарамастан, Ибрагимова биылғы ел біріншілігінің шешуші жекпе-жегіне өте алмады. Ал Шахназ Исаева үшін бұл жеңіс Қазақстан чемпионатындағы маңызды жетістіктердің бірі болды.
Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы 2026 жылғы Қазақстан чемпионаты Таразда 30 қазан мен 6 қараша аралығында ұйымдастырылып жатыр. Жарыс Қазақстан бокс федерациясының қолдауымен өтуде. Әйелдер он салмақ дәрежесі бойынша ел чемпионы атағын сарапқа салады.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға футболшы тұратын көпқабатты үйде болған. Ндиайе мен көршілері арасында тұрмыстық сипаттағы келіспеушілік туындап, жанжал кезінде адамдардың бірі пышақпен қорқытқан.
Оқиға футболшы мен оның отбасы мүшелерін алаңдатқанымен, ешкім дене жарақатын алмаған. Кейін тараптар өзара келісімге келген.
"Тобыл" ресми мәлімдеме жасады
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарағаннан кейін Қостанайдың "Тобыл" клубы жағдайға түсініктеме берді.
Клуб өкілдері футболшының қатысуымен жанжал болғанын растады.
"Командамыздың футболшысы Папе Алиун Ндиайеге қатысты оқиға шынымен болғанын растаймыз. Бұл көршілер арасындағы тұрмыстық жанжалдан туындаған жағдай. Оқиға ойыншы мен оның отбасы мүшелерін алаңдатқанымен, ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта мәселе бейбіт жолмен толық шешілді. Тараптар өзара түсіністікке келіп, бір-біріне ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді. Оқиғаның мән-жайы құқық қорғау органдарының назарында.
Футболшы мен оның отбасы қауіпсіз жерде. Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қатер төніп тұрған жоқ. "Тобыл" футбол клубы өз ойыншысы мен оның отбасына қолдау көрсетеді. БАҚ өкілдері мен қоғамды жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", – делінген клуб мәлімдемесінде.
Ндиайе қазақ тілінде үн қатты
Оқиғадан кейін франциялық футболшы Instagram желісіндегі парақшасында қазақ тілінде жазба жариялады.
Ндиайе өзінің және отбасының жағдайы жақсы екенін, ешқандай жарақат алмағанын жеткізді. Сонымен қатар оқиғаға байланысты көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.
Осылайша футболшының денсаулығына қатысты алаңдаушылыққа негіз жоқ екені белгілі болды.
Папе Алиун Ндиайе кім?
28 жастағы Папе Алиун Ндиайе – Франция азаматы, қорғаныс шебінде өнер көрсететін футболшы. Ол бұған дейін Украинаның "Ворскла", Австрияның "Альтах" және Түркияның "Шанлыурфаспор" клубтарында ойнаған. Соңғы үш маусымда қостанайлық "Тобылдың" намысын қорғап келеді.
2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасындағы көрсеткіші:
26 матч өткізді;
Гол соққан жоқ;
Нәтижелі пас берген жоқ.
Айта кетейік, "Тобыл" 2026 жылғы Қазақстан чемпионатын 41 ұпаймен аяқтап, турнир кестесінде жетінші орынға тұрақтады.
Тартысты өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталып, қазақстандық жас футболшылар 5:4 есебімен басым түсті. Осылайша "Қайрат" екі матчтан тұратын серия қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама алды.
Венгриялық командаға қарсы кездесуде "Қайраттың" екі ойыншысы мергендігімен көзге түсті. Алматылық клубтың голдарын Данияр Ташбулатов пен Қайсар Малаев соқты. Олардың нәтижелі соққылары команданың келесі кезеңге өтуіне мүмкіндік берді.
Instagram-дағы жазба
Instagram-дағы жазба
Енді алматылық жас футболшылар УЕФА Жастар чемпиондар лигасының іріктеу финалында бақ сынайды. Келесі қарсыласы Сербияның "Партизан" және Чехияның "Градец-Кралове" командалары арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.
Бұл жетістік алматылық клубтың жас ойыншылары үшін еурокубоктағы маңызды қадам болды.
Қазақстанның танымал боксшылары Виктория Графеева мен Римма Волосенко Таразда өтіп жатқан ел чемпионатының жартылай финалында кездесті.
Әйелдер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Графеева айқын басымдық танытып, финалға жолдама алды.
Графеева 5:0 есебімен жеңіске жетті
Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Виктория Графееваға берді. Есеп – 5:0.
Осы нәтиженің арқасында ол Қазақстан чемпионатының финалына шығып, енді алтын медаль үшін жұдырықтасады.
Ал Римма Волосенко 2026 жылғы ел чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.
Instagram-дағы жазба
Екі боксшы да Азия чемпионы
Виктория Графеева – 2024 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері.
Римма Волосенко болса, 2021 жылғы Азия чемпионы және Қазақстан чемпионатын бірнеше рет жеңіп алған тәжірибелі спортшы.
Айта кетейік, бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты Тараз қаласында өтіп жатыр. Жарыс 6 қарашада мәресіне жетеді.
Қазақстанның бокстан 2026 жылғы чемпионатында әйелдер арасындағы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалдық жекпе-жегі өтті.
Алматы қаласының өкілі Назым Қызайбай Шымкенттен келген Жайна Шекербековамен кездесіп, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Жартылай финалдық айқаста Назым Қызайбай қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті. Осы жеңістің арқасында ол Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алып, енді алтын медаль үшін жұдырықтасады.
Ал Жайна Шекербекова жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Азия ойындарынан кейінгі маңызды нәтиже
Назым Қызайбай биыл Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарына да қатысқан. Алайда ол сол жарыста алғашқы жекпе-жегінде, 1/8 финал кезеңінде жеңіліп, турнирмен ерте қоштасқан еді.
Енді Азия чемпионы және үш дүркін әлем чемпионы Қызайбай ел чемпионатында финалға шығып, маусымды алтын жүлдемен аяқтауға мүмкіндік алды.
Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Астанада өткен әлем чемпионатында жүлде ала алмаса да, United World Wrestling (UWW) ұйымының жаңартылған әлемдік рейтингінде жоғарылады.
72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Қазақстан құрамасының көшбасшысы енді төртінші емес, екінші орында тұр.
Көш басында – Виктория Холуй
Жаңартылған рейтингте бірінші орынды польшалық Виктория Холуй иеленді.
26 жастағы спортшы Астанада өткен әлем чемпионатында күміс жүлде алды. Финалда ол қытайлық Зелу Лиге есе жіберді.
Ал әлем чемпионы атанған 25 жастағы Зелу Ли рейтингте екі саты жоғарылап, үшінші орынға көтерілді.
Жәмила Бақбергенова Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Махиро Йошитакеге жол берген еді.
Жәмила Бақбергенованың басты жетістіктері
Жәмила Бақбергенова 1996 жылғы 6 қаңтарда Алматы облысы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.
Ол ересектер арасында Азия чемпионатын төрт рет жеңген – 2020, 2022, 2023 және 2025 жылдары.
Сонымен қатар Бақбергенова үш рет әлем чемпионатының финалына шыққан – 2021, 2022 және 2024 жылдары, ал 2023 жылы әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Қазақстандық балуан 2023 жылғы Азия ойындарының финалисі, 2026 жылғы Иван Ярыгин кубогының жеңімпазы, сондай-ақ Мұхамет Малоны еске алуға арналған халықаралық турнирдің екі дүркін чемпионы.
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Испанияда матч кезінде есінен танып, кейін ауруханада көз жұмған 30 жастағы "Тенерифе" футболшысы Хесус де Мигельдің қазасына байланысты көңіл айтты.
"Әл-Наср" шабуылшысы әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмның отбасына қолдау білдірді.
"Айтарға сөз жоқ"
Роналду футболшының қазасын ауыр қабылдағанын жазды.
"Қайғылы жағдай. Айтарға сөз жоқ. Отбасына күш-қуат тілеймін. Жатқан жері жайлы болсын", – деді португалиялық футболшы.
Скриншот​​​​
Қайғылы оқиға 2 қарашада Испания чемпионатының екінші дивизионындағы "Тенерифе" мен "Андорра" арасындағы кездесу кезінде болды.
Матч барысында Хесус де Мигель қарсылас команданың қақпашысы Хесус Овономен соқтығысып, есінен танып қалған. Кейін футболшының жүрегі тоқтағаны белгілі болды.
Медицина қызметкерлері де Мигельге алаңда алғашқы көмек көрсетіп, кейін ауруханаға жеткізген. Алайда 3 қарашада оның қайтыс болғаны хабарланды. Хесус де Мигель 30 жаста еді.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина соңғы үш маусымда Штутгарттағы Porsche Tennis Grand Prix турнирінде екі рет чемпион атанып, екі бірдей Porsche көлігін жүлдеге алды. Енді оның автокөлік топтамасы тағы бір темір тұлпармен толығуы мүмкін.
Алдағы WTA қорытынды турнирінің жеңімпазына Mercedes-AMG автокөлігі табысталмақ.
Алғашқы Porsche: жеңіс бар, жүргізуші куәлігі жоқ
Рыбакина 2024 жылдың сәуірінде Porsche Tennis Grand Prix турнирінде алғаш рет чемпион атанды.
Жартылай финалда ол Ига Швентекті 6:3, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, поляк теннисшісінің Porsche Arena-дағы он матчтық жеңісті сериясын тоқтатты.
Ал 21 сәуірде өткен финалда Марта Костюкті жеңіп, чемпиондық атаққа ие болды.
Фото: sportnews.kz
Турнир жеңімпазы ретінде Рыбакина ақшалай сыйлықпен қатар Porsche автокөлігін де иеленді. Алайда сол кезде оның жүргізуші куәлігі болмағандықтан, қазақстандық теннисші көлікті өзі жүргізе алмады.
Екінші Porsche-ні өзі жүргізіп шықты
2026 жылғы 19 сәуірде Рыбакина Штутгарттағы турнирді екінші рет жеңді.
Фото: sportnews.kz
Бұл оның WTA турларындағы 13-ші жекелей титулы болды. Сонымен қатар Porsche Tennis Grand Prix қазақстандық теннисші мансабында екі рет жеңген алғашқы кәсіби турнирге айналды.
Бұл жолғы басты автокөлік жүлдесі – Porsche 911 Carrera S Cabriolet болды.
Бұл жолы Рыбакина жеңіп алған Porsche көлігінің рөліне өзі отырып, кортпен жүріп өтті.
Қазақстандық теннисші екінші көлікті де өзінде қалдырып, маусым аяқталған соң пайдалануды жоспарлайтынын мәлімдеді.
Келесі жүлде – Mercedes-AMG
Елена Рыбакинаның үшінші автокөлік ұтып алу мүмкіндігі WTA қорытынды турнирімен байланысты.
Фото: sportnews.kz
Жарыс 8–15 қараша аралығында Калифорниядағы Indian Wells Tennis Garden аренасында өтеді.
Турнир жеңімпазына Mercedes автокөлігі табысталатыны жарияланған. Көрсетілген көліктің интерьері мен дизайнына қарағанда, жүлде Mercedes-AMG SL родстері болуы мүмкін, алайда нақты модификациясы әзірге ресми түрде аталмаған.
Автокөлік Mercedes-Benz Manufaktur арнайы жекелендіру бағдарламасы аясында дайындалып жатыр.
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жету тәжірибесіне ие. Қазақстандық теннисші 2025 жылдың қарашасында Эр-Риядта өткен WTA Finals жарысында чемпион атанған болатын.
Оңтүстік Кореяның Кунсан қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезекті кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасының спортшылары "жылдамдық" және "боулдеринг" дисциплиналарында бақ сынады.
Қазақстан құрамасындағы ең жоғары нәтижелердің бірін Анна Баларшина көрсетті. Ол әйелдер арасындағы жылдамдық сайысында жетінші орынға ие болып, турнирдің үздік ондығына кірді.
Қазақстандық спортшы үздік ондыққа енді
Әйелдер арасындағы жылдамдық бәсекесінде Анна Баларшина жетінші нәтиже көрсетті.
Қазақстанның тағы бір өкілі Арина Новицкая бұл дисциплинада 17-орынға тұрақтады.
Ерлер арасында жылдамдық сайысына қатысқан Жандос Қалыбай да жарысты 17-орынмен аяқтады.
Боулдерингте қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті?
Ерлер арасындағы боулдеринг сайысында Қазақстан құрамасының төрт спортшысы өнер көрсетті.
Азат Майкотов 29-орынға ие болды. Вадим Ишмұхаметов 36-орыннан көрінсе, Матвей Есипов 37-орынға тұрақтады. Ал Глеб Семешкин жарысты 39-орынмен аяқтады.
Әйелдер арасында Айханым Айдарханқызы 19-орынға ие болды. Полина Андреева 30-орыннан, ал Виктория Адаменко 35-орыннан көрінді.
Осылайша, Кунсандағы Азия кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасының үздік нәтижесін Анна Баларшина көрсетіп, жылдамдық дисциплинасында алғашқы ондыққа енді.
Астанадағы Fitnation спорттық-сауықтыру орталығы электронды аукцион арқылы 2,305 млрд теңгеге сатылды. Бұған дейін нысан кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған еді.
Сауда қорытындысында сатып алушы бастапқы бағадан 13% жоғары ұсыныс жасаған.
Аукцион екінші әрекетте өтті
Fitnation орталығын сату бойынша аукцион 3 қарашада e-Qazyna платформасында ұйымдастырылды.
Бұл нысанды өткізудің екінші әрекеті болды. Алғаш рет кешен 15 қазанда 2,9 млрд теңгеге саудаға шығарылды, алайда сатып алушы табылмады.
Кейін нысан қайта аукционға қойылып, 2,305 млрд теңгеге сатылды.
Кешенге не кіреді?
Лот құрамына жалпы аумағы шамамен 4 мың шаршы метр болатын ғимарат пен оған жалғасқан нысандар, сондай-ақ 510 бірлік жабдық енген.
Спорт кешенінде:
жаттығу залдары;
бассейндер;
SPA аймағы бар.
Ал жер телімі мәміле құнына кірмейді. Оны жаңа меншік иесі бөлек сатып алуы немесе тиісті төлем жасауы тиіс.
Fitnation мемлекет меншігіне қалай өтті?
Fitnation желісі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келтірілген залалды өтеу аясында мемлекет меншігіне өтті. Нысан әкімдік балансында болған кезеңде мұнда ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту жұмыстары да жүргізілді.
"ПСЖ" бас бапкері Луис Энрике Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда "Вильярреалды" 6:0 есебімен жеңгеннен кейін команданың басты мақсатын атады.
Париждік клубтың көздегені – Чемпиондар лигасының трофейін тағы да жеңіп алу.
"ПСЖ" бірінші таймның өзінде төрт гол соқты
"Вильярреалға" қарсы кездесуде "ПСЖ" алғашқы таймның өзінде төрт рет мергендік танытты.
Гол авторлары:
Жоау Невеш; Дезире Дуэ;
Сенни Маюлу;
Фабиан Руис;
Давид Боли.
YouTube-тегі бейне
Матчтан кейін испаниялық маман команданың жалпы кезеңдегі нәтижесіне емес, турнирдің соңғы мақсатына көбірек мән беретінін айтты.
"Төрт матчта 20 гол соққанымыз ештеңені білдірмейді. Мадридтегі финалда бір ғана жеңімпаз болады, біздің мақсатымыз – сол жерде чемпион атану. Бұған дейін де жалпы кезең қорытындысы бойынша үздік сегіздікке кірмей тұрып, трофей жеңіп алғанбыз", – деді Луис Энрике.
"ПСЖ" жалпы кестеде көш бастап тұр
Чемпиондар лигасының төрт турында "ПСЖ" 12 ұпай жинап, жалпы турнирлік кестенің бірінші орнына шықты.
Ал "Вильярреал" үш ұпаймен 29-орында тұр.
Зиданның тарихи сериясы әлі қайталанған жоқ
Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет жеңген соңғы клуб – Зинедин Зидан басқарған мадридтік "Реал".
Испаниялық клуб турнирде үш маусым қатарынан топ жарды:
2016 жылы "Реал" финалда "Атлетиконы" пенальти сериясында 5:3 есебімен жеңді. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталды.
2017 жылы мадридтіктер "Ювентусты" 4:1 есебімен жеңді.
2018 жылы "Реал" "Ливерпульден" 3:1 есебімен басым түсіп, үшінші рет қатарынан трофей иеленді.
Осылайша Зидан Чемпиондар лигасы қазіргі атаумен өткізіле бастаған 1992/93 маусымынан бері турнирді қатарынан үш рет жеңген алғашқы бапкер атанды. Әзірге бұл жетістікті ешбір команда қайталай алған жоқ.
Енді Луис Энрике бастаған "ПСЖ" Еуропадағы үстемдігін жалғастырып, Зиданның "Реалмен" жасаған тарихи сериясына жақындауды көздейді.
Австралиялық боксшы Тим Цзю 12 желтоқсанда Голд-Кост қаласында кубалық Эрисланди Ларамен кездеседі. Жекпе-жекте орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Бұл туралы Premier Boxing Champions (PBC) промоутерлік компаниясы ресми түрде хабарлады.
Лара чемпиондық белбеуін бесінші рет қорғайды
43 жастағы Эрисланди Лара WBA чемпиондық атағын бесінші рет қорғауға шығады.
Сонымен қатар кубалық боксшы соңғы 18 жылда алғаш рет АҚШ аумағынан тыс жерде жекпе-жек өткізбек.
Ал 32 жастағы Тим Цзю жеңіске жеткен жағдайда екінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атану мүмкіндігіне ие болады.
Чарло да осы бокс кешінде жұдырықтасады
Голд-Косттағы бокс кешінің қосалқы жекпе-жектерінің бірінде бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Джермелл Чарло австралиялық Брок Джарвиспен кездеседі.
Сондай-ақ ресейлік Эльнур Самедов екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA белбеуін міндетті үміткер Лиам Уилсонға қарсы қорғайды.
Тим Цзю соңғы жекпе-жегінде Эррол Спенсті жеңді
Тим Цзю соңғы рет биыл шілде айында Сиднейде шаршы алаңға шықты. Австралиялық боксшы америкалық Эррол Спенсті төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Осы кездесуден кейін Спенс кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтайтынын жариялады.
Ал Эрисланди Лара соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың желтоқсанында Сан-Антониода өткізіп, Йохан Гонсалесті үшінші раундта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Лара бұған дейін Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуы керек еді. Алайда жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты анықталып, кездесу тоқтатылды.
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты.
Әлемдік рейтингте 473-орында тұрған қазақстандық спортшы алғашқы айналымда Жапония өкілі, рейтингтің 282-сатысындағы Мэи Ямагучиді жеңді. Кездесу екі сағатқа созылып, Жібек Құламбаеваның жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп - 6:4, 7:5.
Отандасымыз бұған дейінгі іріктеу кезеңінің финалында да Ямагучимен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта 3:6, 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жеткен еді.
Осылайша, Құламбаева бір турнирдің өзінде жапониялық қарсыласын екі рет жеңіп, рейтингте өзінен жоғары тұрған теннисшіні жарыстан шығарды.
Келесі қарсыласы – Маи Хонтама
Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін Жапонияның тағы бір өкілі Маи Хонтамамен кездеседі. Хонтама WTA рейтингінде 160-орында тұр.
Ченнаидағы WTA 250 турнирі хард төсенішінде 2–8 қараша аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 283 347 долларды құрайды.
2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы Төрехан Сабырхан құрлықтық додадан кейінгі дайындығы, Таразда өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты және 70 келіге дейінгі салмақтағы болашақ бәсекелестері туралы пікір білдірді.
20 жастағы боксшы Азия ойындарынан кейін қысқа үзіліс алғанын, қазір жаттығуға қайта кіріскенін айтты.
Сабырханның сөзінше, Тараздың Шымкентке жақын орналасуы оның ел чемпионатын тамашалауға келуіне себеп болған.
"Азия ойындарынан кейін аздап демалдым. Қазір жаттығуды қайта бастадым. Тараз Шымкентке жақын болғандықтан, Қазақстан чемпионатын көріп қайтуды жөн санадым. Қызықты жекпе-жектер өтіп жатыр. Тимур Нұрсейітовке жанкүйер болуға келдім", – деді Төрехан Сабырхан.
70 келідегі қарсыластарын бақылап жүр
Төрехан Сабырхан өзі өнер көрсететін 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жекпе-жектерін де бақылаған.
"70 келіге дейінгі салмақтағы жігіттерді көрдім. Бұрынғы боксшылардың бәрі бар. Енді алдағы уақытта оқу-жаттығу жиындарындағы спаррингтерде кездесеміз", – деді Азия ойындарының чемпионы.
Осылайша, Сабырхан ұлттық құрамадағы орын үшін бәсеке алдағы оқу-жаттығу жиындарында жалғасатынын аңғартты.
Белгілі футбол инсайдері Фабрицио Романо X әлеуметтік желісіндегі парақшасында италиялық бапкердің болашағына қатысты ақпарат жариялады.
Оның мәліметінше, Азия кубогының басқа мерзімге ауыстырылуы Каннавароның жоспарларына әсер еткен. Осыған байланысты маман Өзбекстан құрамасындағы қызметін жалғастыру мәселесін қайта қарастырып жатыр.
Әзірге бапкердің жұмыстан кететіні туралы ресми шешім жарияланған жоқ.
Бастапқы жоспар бойынша 2027 жылғы Азия кубогы Сауд Арабиясында 7 қаңтар мен 5 ақпан аралығында өтуі тиіс болатын. Бірақ Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізілгені хабарланды. Жаңа жоспарға сәйкес, құрлықтық дода 2027 жылғы 23 желтоқсаннан 2028 жылғы 21 қаңтарға дейін ұйымдастырылмақ.
Бұл өзгеріс италиялық маманның алдағы жоспарларына ықпал етіп, оның ұлттық құрамадағы болашағына қатысты белгісіздік туғызды.
Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы нәтижесі
Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының тізгінін 2025 жылдың қазан айында ұстаған. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Өзбекстандық футболшылар топтық кезеңде сәтсіз өнер көрсетті.
Өзбекстан құрамасы Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасымен кездесіп, үш ойында да ұпай жинай алмады.
Лиана Хаким Instagram парақшасында қызының жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, желі қолданушыларының түрлі болжамдарына жауап берді.
Оның айтуынша, болашақ күйеу балаларына қойылатын жалғыз талап бар. Ол – қыздарын шын жүректен жақсы көру және оларға құрметпен қарау.
"Достар, барлық пікірлеріңізді оқып шықтым. Сендер бәрін үйлендіріп те, ұрыстырып та үлгердіңдер. Тіпті кімнің көше сыпыратынына дейін шешіп қойдыңдар. Бірақ мен ешкімнің есімін атаған жоқпын. Менің үш қызым бар, демек, бір күні үш күйеу балам болады. Үшеуіне де қояр талабым біреу: қыздарымды жақсы көріңдер. Сонда мен сендер үшін ең мейірімді ене боламын. Ал қыздарымды ешкімге ренжітпеймін", – деп жазды Лиана.
Instagram-дағы жазба
Осылайша шахматшының анасы болашақ күйеу балаларына қатысты ұстанымын әзілмен жеткізді.
Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаровтың қарым-қатынасы
Бұған дейін Бибісара Асаубаева мен өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровтың жеке өмірі көпшіліктің қызығушылығын тудырған. Қос шахматшының Парижге бірге сапар шегуі олардың қарым-қатынасы туралы әңгімелердің таралуына себеп болды.
Қазан айында Жавохир Синдаровтың атасы Комил Синдаров отбасының бұл одақты қолдайтынын айтып, үйлену тойына қатысты жоспарлар бар екенін жеткізген. Оның сөзінше, тойдың нақты мәселелері Жавохирдің әлемдік шахмат тәжіне таласатын матчынан кейін талқыланбақ.
Ал Бибісара Асаубаеваның өзі жеке өміріне қатысты ақпарат құралдарының ерекше қызығушылығын әзілмен қабылдаған. Шахматшының анасы да болашақ ене ретіндегі ұстанымын көпшілікке ашық жеткізді.
Оқиға Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) тұрақты чемпионатындағы матчтың үшінші ширегінде болды. "Филадельфия" 75:64 есебімен алда келе жатқан сәтте алаң иелері жылдам шабуыл ұйымдастырды. Бірақ Леброн Джеймс өзіне бағытталған допқа жете алмай, екпінімен көрермендер отырған жаққа шығып кетті. Осы кезде баскетболшы қолында шарап құйылған стақаны бар жанкүйерге соқтығысты. Джеймс күтпеген жерден оның сусынын бір ұрттап, ештеңе болмағандай алаңға қайта оралды.
Бұл көрініс тікелей эфирге түсіп, көп ұзамай әлеуметтік желілерде кеңінен таралды.
Instagram-дағы жазба
Джеймс әрекетінің себебін түсіндірді
Кездесуден кейін журналистер 41 жастағы баскетболшыдан ерекше жағдайға қатысты пікір сұрады.
"Мен оған соқтығысып, шарабының біразын төгіп алдым. Сондықтан оның қаншалықты дәмді екенін және соған тұрарлық па екенін білгім келді. Жаман шарап емес екен", – деді Джеймс әзілдеп.
Осылайша NBA жұлдызы жанкүйердің стақанында шынымен алкогольдік сусын болғанын растады.
Ал матч 126:107 есебімен "Филадельфияның" сенімді жеңісімен аяқталды. Джеймс 15 ұпай жинап, 9 нәтижелі пас берді және 7 рет допты қағып алды.
Леброн Джеймс кім?
Леброн Джеймс – әлемдік баскетбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі.
Ол NBA чемпиондығын төрт рет жеңіп алған:
2012 және 2013 жылдары – "Майами Хит";
2016 жылы – "Кливленд Кавальерс";
2020 жылы – "Лос-Анджелес Лейкерс".
Сонымен қатар Джеймс NBA тарихында 40 мың ұпай межесінен асқан алғашқы ойыншы атанды. Ол 2025 жылы ол лигадағы қатарынан 23-маусымын бастап, рекорд орнатты. Ал 2026 жылдың жазында "Филадельфия" сапына қосылып, NBA-дағы 24-маусымына кірісті.
Қазақстандық теннисші де жанкүйерді таңғалдырған
Айта кетейік, спорттық кездесу кезінде көрермендердің тағамы немесе сусынынан дәм татқан Леброн Джеймс алғашқы жұлдыз емес. 2024 жылы Александр Бублик те осындай қызықты жағдайға тап болған.
Аделаидадағы турнирдің ширек финалында допты қуып бара жатқан Бублик көрермендер мінберіне жақындап, жанкүйердің қолындағы чипсыны байқайды. Теннисші көп ойланбастан одан дәм татып, көрермендерді күлкіге қарық қылған.
X-тегі жазба
Бір қызығы, бұл әрекет қазақстандық теннисшінің жеңіске жетуіне кедергі келтірмеген.
Жамбыл облысының атынан еркін күрестен сынға түскен Нұрсұлтан Садық пен Батыс Қазақстан облысының өкілі Сәбина Төрейдің республикалық және халықаралық турнирлерге қатыспай жүрген себебі белгілі болды.
Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығы екі балуанның Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) талаптарын бұзғанын анықтап, оларға ресми түрде жаза қолданған.
29 жастағы Нұрсұлтан Садықтың тапсырған сынамасынан тыйым салынған кломифен препаратының іздері анықталған.
Осыған байланысты балуан екі жылға жарыстардан шеттетілді.
Дисквалификацияның басталуы: 22 қаңтар 2026 жыл.
Жазаның аяқталуы: 21 қаңтар 2028 жыл.
Анықталған зат: кломифен.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Садық бұған дейін еркін күрестен Қазақстанның құрамасының сапында өнер көрсеткен.
Сәбина Төрей де екі жылға шеттетілді
Допингке қарсы талаптарды бұзған екінші балуан – 20 жастағы Сабина Төрей.
Батыс Қазақстан облысының атынан белдескен балуанның ағзасынан сибутрамин заты табылған. Нәтижесінде оған да екі жылдық дисквалификация тағайындалды.
Дисквалификацияның басталуы: 4 тамыз 2026 жыл.
Жазаның аяқталуы: 3 тамыз 2028 жыл.
Анықталған зат: сибутрамин.
Сәбина Төрей допинг дауына дейін әйелдер күресінен жасөспірімдер құрамасының мүшесі болған.
Қолданыстағы дисквалификация мерзімдеріне сәйкес, Нұрсұлтан Садық 2028 жылдың 22 қаңтарынан, ал Сәбина Төрей сол жылдың 4 тамызынан бастап жарыстарға қайта қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бірақ олардың спортқа нақты оралуы антидопинг талаптарының толық орындалуына байланысты.
Әлемдік бокста үлкен беделге ие The Ring басылымы WBC тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварестің (64-3-2, 39 КО) келесі жекпе-жектеріне қатысты пікірталас ұйымдастырды.
Журнал ұсынған үміткерлердің қатарынан қазақстандық, әлі жеңіліп көрмеген Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) да орын алды.
Басылым Канелоға ықтимал қарсылас ретінде мына төрт боксшыны атаған:
Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) – 17 жеңіс, 12 нокаут.
Ослейс Иглесиас (Куба) – IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы, 16 жеңіс, 15 нокаут.
Диего Пачеко (АҚШ) – 26 жеңіс, 19 нокаут.
Лестер Мартинес (Гватемала) – 21 жеңіс, бір тең нәтиже, 17 нокаут.
The Ring әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерге сауал жолдады.
"Екінші орта салмақта Канело үшін ұйымдастыруға болатын қызықты жекпе-жектер көп. Олардың қайсысы мексикалық боксшы үшін ең ауыр сынақ болар еді?" – деп жазды басылым.
Дегенмен бұл әзірге жанкүйерлер арасында талқылауға ұсынылған ықтимал жекпе-жектердің тізімі ғана. Әлімханұлы мен Альварес арасындағы кездесу туралы ресми келісім жарияланған жоқ.
Альварес әлем чемпионы атағын қайтарып алды
2026 жылғы 1 қарашада Сауль Альварес Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында рингке оралды.
Мексикалық боксшы бұған дейін жеңіліс көрмеген француз Кристиан Мбиллимен (29-1-1, 24 КО) кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін "Канело" WBC тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қайта иеленді.
Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?
Қазақстандық боксшы соңғы рет 2025 жылдың сәуір айында Астанада жұдырықтасқан. Сол кездесуде ол француз боксшысы Ануэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсірді.
Бірақ сол жылдың желтоқсанында Әлімханұлының допинг сынамасы оң нәтиже көрсетіп, кейін WBO тарапынан дисквалификация алды. Сонымен қатар қазақстандық боксшы IBF чемпиондық белбеуінен айырылды.
2026 жылдың жазында Жәнібек екінші орта салмаққа ауысу туралы шешім қабылдады.
Бастапқыда оған сол кездегі әлем чемпионы, британиялық Хамза Ширазбен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі берілген. Алайда Шираз кездесуден бас тартып, чемпиондық белбеуді босатты.
Енді жоспар бойынша 2027 жылдың қаңтарында Жәнібек Әлімханұлы Дания өкілі Якоб Банкпен (20-0, 11 КО) WBO тұжырымының вакантты әлем чемпиондығы үшін жұдырықтасуы тиіс. Бұл жекпе-жек қазақстандық боксшының екінші орта салмақтағы алғашқы кездесуі болмақ.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Абзал Серік ел біріншілігінің ширек финалында Түркістан облысының өкілі, жастар арасындағы Азияның екі дүркін чемпионы Нұрислам Қалдыбаевпен кездесті.
Тартысты өткен жекпе-жекте шымкенттік боксшы басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін Абзал Серік Қазақстан чемпионатының үздік төрт боксшысының қатарына енді.
Instagram-дағы жазба
Енді Абзал Серікті жартылай финалда тәжірибелі әрі атақты қарсылас күтіп тұр. Ол 2025 жылғы әлем чемпионаты мен 2026 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері Ертуған Зейнуллиновпен қолғап түйістіреді.
Не үшін үш жылға шеттетілді?
Абзал Серіктің спорттық мансабындағы ұзақ үзіліске допинг дауы себеп болған. 2023 жылы оның есімі Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығы жариялаған дисквалификацияланған спортшылар тізіміне енгізілді.
Боксшының допинг сынамасынан метастерон деп аталатын тыйым салынған анаболикалық стероид анықталған. Нәтижесінде боксшы үш жыл мерзімге жарыстардан шеттетілді.
Дисквалификация басталған күн: 7 сәуір 2023 жыл.
Жаза мерзімінің аяқталуы: 7 сәуір 2026 жыл.
Анықталған тыйым салынған зат: метастерон.
Дисквалификация ұзақтығы: 3 жыл.
Осылайша жазасын толық өтеген Абзал Серік ел чемпионатында қайта бақ сынап, бірден жартылай финалға дейін жетті.
Азамат Асылбекұлының допинг сынамасынан дростанолон деп аталатын анаболикалық стероид анықталған. Осыған байланысты файтер үш жылға дисквалификацияланды. Оның жазасын өтеу мерзімі 2026 жылғы 28 мамырда басталып, 2029 жылғы 27 мамырда аяқталады.
Олжас Ержан алты жылға дисквалификацияланды
Үш файтердің арасында ең ауыр жаза Олжас Ержанға берілген. Оның ағзасынан бірден үш тыйым салынған зат – мельдоний, хлортиазид және триамтерен табылған.
Нәтижесінде Олжас Ержан алты жыл бойы жарыстарға қатыса алмайды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылғы 12 мамырдан 2032 жылғы 11 мамырға дейін белгіленген.
Аман Шәкіртов бес жылға жарыстан шеттетілді
Ал Аман Шәкіртовтің допинг сынамасынан екі препарат – дростанолон мен мельдоний анықталған.
Допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін файтер бес жылға дисквалификацияланды. Оның жазасы 2026 жылғы 28 мамырдан 2031 жылғы 27 мамырға дейін күшінде болады.
Осылайша допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін үш қазақстандық файтерге жалпы есеппен 14 жылдық дисквалификация тағайындалған. Алайда бұл әрқайсысына жеке белгіленген жаза мерзімдерінің қосындысы.
Ағылшын премьер-лигасында ойнаған қос футболшының Қазақстанға келуі маусымның елеулі оқиғаларының бірі болды. Португалиялық Нани нәтижелі пас санымен көзге түссе, нигериялық Мозес гол соғу жағынан алда тұр.
Луиш Нани биыл "Ақтөбе" сапында 23 ойын өткізді. Осы матчтарда 1 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Ал Виктор Мозес "Қайсардың" жейдесін 17 матчта қорғады. Екі гол соғып, командаластарына осынша нәтижелі пас шығарды.
"Гол+пас" жүйесі бойынша Нани алты нәтижелі әрекетімен маусымды аяқтады. Мозестің еншісінде төрт нәтижелі әрекет бар.
Instagram-дағы жазба
Нани мансабын аяқтады, Мозестің болашағы белгісіз
Маусым аяқталғаннан кейін Луиш Нани кәсіби футболмен қоштасатынын екінші рет мәлімдеді.
Ал Виктор Мозестің "Қайсардағы" болашағы әзірге белгісіз. Қызылордалық команда чемпионат қорытындысы бойынша Бірінші лигаға түсіп қалғандықтан, нигериялық легионердің клубтан кетуі ықтимал.
Луиш Нани жанкүйерлерге ең алдымен "Манчестер Юнайтед" пен "Спортингтегі" ойынымен таныс. Португалиялық футболшы мансабында "Фенербахче", "Валенсия", "Лацио", "Орландо Сити", "Венеция", "Мельбурн Виктори", "Адана Демирспор" және "Эштрела Амадора" командаларының да намысын қорғаған.
Виктор Мозес Англияда "Кристал Пэлас", "Уиган", "Челси", "Ливерпуль", "Сток Сити", "Вест Хэм" және "Лутон" сапында өнер көрсетті. Сонымен қатар оның мансабында "Фенербахче", "Интер" және мәскеулік "Спартак" клубтары бар.
Қазақстан дзюдо құрамасының Токиода өтетін Grand Slam турниріне қатысатын алдын ала құрамы жарияланды.
Жарыс 5–6 желтоқсан күндері Жапония астанасында өтеді.
Әзірге төрт дзюдошы өтінімге енген
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының толық құрамы бекітілген жоқ. Сондықтан тізімде өзгерістер болуы мүмкін.
Әзірге турнирге төрт қазақстандық дзюдошы тіркелген:
60 кг: Мағжан Шамшадин;
73 кг: Аңсарбек Ғайнуллин, Есет Қуанов;
90 кг: Ермахан Әнуарбеков.
Құрам әлі толықтырылуы мүмкін
Токио Grand Slam турнирі 2026 жылғы "Үлкен дулыға" сериясының қорытынды кезеңдерінің бірі саналады. Қазақстан дзюдо федерациясы жарысқа баратын толық құрамды кейінірек нақтылауы мүмкін.
Айта кетейік, былтыр Қазақстан дзюдошылары Токиодағы дәстүрлі турнирге қатыспаған еді. Ал 2026 жылы ұлттық құрама бұл жарыста қайта бақ сынайды.
Қазақстандық мерген әйелдер арасында 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі тапаншамен нысана көздеу сайысында үздік үштіктің қатарына енді. Ол жарыс қорытындысында 537 ұпай жинады. Алты кезеңде тиісінше 83, 95, 90, 88, 91 және 90 ұпай еншіледі.
Осылайша Ирина Юнусметова аталған бағдарлама бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, Қазақстан спортындағы тарихи жетістікке жетті.
Instagram-дағы жазба
Жеңімпаздары кім?
50 метрден тапаншамен ату сайысында алтын медаль түркиялық Шеввал Илайда Тарханға бұйырды. Ол 546 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті. Ал армениялық Эльмира Карапетян 542 ұпаймен күміс медаль иеленді.
Нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты Қатар астанасы Дохада 14 қарашаға дейін жалағсады.
Британдық боксшы Хамза Шираз мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.
Бұған дейін Шираз WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы міндетті түрде қорғаудан бас тартып, титулын босатқан еді.
Шираз "Канелоның" жекпе-жегін көрді
Британдық боксшы Эр-Риядта өткен Сауль Альварес – Кристиан Мбилли кездесуіне қатысты. Бұл айқаста "Канело" француз боксшысын жеңіп, екінші орта салмақтағы WBC әлем чемпионы атағын иеленді.Осыдан кейін Шираз мексикалықпен жұдырықтасуға қызығушылық білдірді.
Шираз DAZN эфирінде Майк Коппинджерге берген сұхбатында мақсатын ашық айтты.
"Неге өзіңді ең мықтыларға қарсы сынап көрмеске? Мен бұл спортқа үздік болу және "Канело" секілді боксшылармен кездесу үшін келдім. Мұндай жекпе-жек туралы тек армандауға болады. Күн сайын оянып, бұрынғыдан да көп жаттығамын. "Канеломен" кездесу біртіндеп шындыққа айналып келеді", – деді Шираз.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы вакантты WBO әлем чемпионы атағы үшін даниялық Якоб Банкпен жұдырықтасады.
Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Таразда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетіп келеді. Жуырда жартылай финалға жолдама алды.
Алматы қаласының атынан сынға түсіп жатқан Назым Қызайбай 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жамбыл облысының өкілі Валерия Вайдеманмен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Азиададан кейінгі алғашқы жарыс
Тараздағы Қазақстан чемпионаты Назым Қызайбай үшін Аити мен Нагояда өткен Азия ойындарындағы жеңілістен кейінгі алғашқы ресми жарыс болып отыр.
Ұлттық құрама үш алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде иеленіп, жалпы медальдық есепте екінші орынға тұрақтады. Кирилл Проходов жарыстың екі бағдарламасында топ жарды. Семсерлесуші алдымен жеке сайыста алтын медаль жеңсе, кейін командалық жарыста Михаил Кузьмин, Георгий Тинников және Жанарбек Жанұзақовпен бірге чемпион атанды.
Әйелдер арасындағы додада үшінші алтын жүлдені командалық семсерлесуде Диляра Исабекова, Полина Ко, Әдемі Серікбай және Қайша Жәнібек иеленді.
Жеке сайыстағы жүлделер артты
Қайша Жәнібек пен Диляра Исабекова командалық алтыннан бөлек, жеке жарыста да көзге түсті. Қайша күміс медаль иеленсе, Диляра қола жүлдегер атанды. Ал семсерлесуден жеке сайыста Лесовскийлер әулетінің өкілдері де жеңіс тұғырына көтерілді. Мария Лесовская күміс, ал Полина Лесовская қола медаль жеңіп алды. Кейін апалы-сіңлілі Каролина Фомина және Наталья Зиняковамен бірге командалық жарыста күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ерлер арасындағы рапира командасы да үздік нәтиже көрсетіп, Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, Евгений Токанов және Мансұр Естеу күміс медаль иеленді.
Әйелдер арасындағы рапира сайысында София Ақтаева, Ксения Андреева, Алена Гноева және Алина Искандерова үздік үштікке енді. Ал ерлер арасындағы қылыштасудан Бексұлтан Абжал, Қуаныш Ерғашбай, Ерхан Қараман және Қайназар Нұрқатұлы қола медаль иеленді. Осылайша, Қазақстан құрамасы U23 санатындағы Азия чемпионатын 11 жүлдемен аяқтап, жалпы медальдық есепте екінші орынға жайғасты.
Қазақстан Премьер-лигасындағы командалар санын 18 клубқа дейін көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы спорт функционері Дидар Сыдықбек өзінің Telegram арнасында хабарлады.
Сыдықбектің мәліметінше, Қазақстан футболының жоғары дивизионында қазіргі форматты өзгертіп, клубтар санын 18-ге жеткізу жоспары қарастырылып жатыр.
Әзірге бұл бастамаға қатысты нақты мерзім мен ресми регламент жарияланған жоқ.
Жуырда аяқталған ҚПЛ-2026 маусымында чемпион өзгерді. Соңғы екі жылда топ жарған алматылық "Қайраттың" орнына шымкенттік "Ордабасы" Қазақстан чемпионы атанды.
"Қайрат" екінші орын алса, "Астана" маусымды үшінші сатыда аяқтады.
Ал талдықорғандық "Жетісу" мен қызылордалық "Қайсар" жоғары дивизионнан шығып қалды. Олардың орнына ҚПЛ-ға қарағандылық "Шахтер" мен "Тұран" келеді.
Еурокубок жолдамасының тағдыры Кубок финалына байланысты
Қазақстан кубогының финалы 7 қарашада өтеді. Шешуші матчта "Ордабасы" мен "Қайсар" кездеседі.
Егер ел чемпионы "Ордабасы" Кубокты да жеңіп алса, келесі маусымдағы еурокубок жолдамаларының бірі ҚПЛ-ды төртінші орынмен аяқтаған көкшетаулық "Оқжетпеске" бұйырады.
Семейдің "Елімай" клубының оң қаптал қорғаушысы Арсен Әшірбек командадан кетуге жақын.
ASnews.kz мәліметінше, 23 жастағы футболшының клубпен келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Бұған дейін БАҚ-та қорғаушыға "Ақтөбе" клубы қызығушылық танытып отырғаны хабарланған еді.
Әшірбек маусымда 30 матч өткізді
Өткен маусымда Арсен Әшірбек барлық турнирді қосқанда 30 матчқа қатысты. Осы кездесулерде 3 гол соқты. 4 нәтижелі пас берді.
Арсен Әшірбек "Елімай" сапына 2026 жылдың басында Көкшетаудың "Оқжетпес" клубынан ауысқан болатын.
Оған дейін ол туған қаласының "Тараз" командасында өнер көрсетті.
Қазақстан құрамасында алты матч өткізген
Қорғаушы Қазақстан ұлттық құрамасының сапында да ойнаған.
Оның еншісінде ұлттық команда үшін 6 матч бар.
2026 жылы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсеткен клубтарға мемлекеттік бюджеттен жалпы 31,236 млрд теңге бөлінген.
Telegram-дағы "Дядя Ваня" арнасы мемлекеттік тендерлерді талдап, облыстық және қалалық әкімдіктердің ҚПЛ командаларын қолдауға бағыттаған қаражатын есептеді.
Ең көп қаржыны "Ордабасы" алды
Жарияланған мәлімет бойынша, бюджеттен ең көп қаржы шымкенттік "Ордабасыға" бөлінген – 2,811 млрд теңге. Одан кейін семейлік "Елімай" келеді – 2,808 млрд теңге.
Үшінші орында қостанайлық "Тобыл" тұр. Клубқа 2,693 млрд теңге бөлінген.
Үздік бестікке сондай-ақ:
"Жетісу" – 2,613 млрд теңге;
"Ақтөбе" – 2,477 млрд теңге енген.
ҚПЛ клубтарына бөлінген бюджет қаражаты
2026 жылғы мемлекеттік қаржыландыру көлемі:
"Ордабасы" – 2 811 000 000 теңге;
"Елімай" – 2 808 000 000 теңге;
"Тобыл" – 2 693 000 000 теңге;
"Жетісу" – 2 613 000 000 теңге;
"Ақтөбе" – 2 477 000 000 теңге;
"Алтай" – 2 446 000 000 теңге;
"Атырау" – 2 400 000 000 теңге;
"Қызылжар" – 2 126 000 000 теңге;
"Оқжетпес" – 2 100 000 000 теңге;
"Ұлытау" – 1 987 000 000 теңге;
"Қайсар" – 1 871 000 000 теңге;
"Ертіс" – 1 655 000 000 теңге;
"Каспий" – 1 500 000 000 теңге;
"Жеңіс" – 999 000 000 теңге;
"Қайрат" – 750 000 000 теңге;
"Астана" – 0 теңге.
"Астанаға" бюджеттен тікелей қаржы бөлінбеген
Елорда клубы 2026 жылы жергілікті бюджеттен тікелей қаржыландыру алмаған. Алайда бұл "Астана" қаржылық қолдаусыз қалды дегенді білдірмейді. Дереккөздің түсіндіруінше, клуб Sport Qory спортты қолдау қоры арқылы қаржыландырылады. Қордың 2026 жылғы шығындары келесі жылы ғана жарияланады.
Чемпион "Ордабасы" болды
ҚПЛ-2026 маусымының қорытындысы бойынша "Ордабасы" Қазақстан чемпионы атанды.
"Қайрат" күміс жүлде алса, "Астана" үшінші орынға ие болды.
Ал талдықорғандық "Жетісу" мен қызылордалық "Қайсар" жоғары дивизионнан шығып қалды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбеттің (17-0, 15 КО) мексикалық Маркос Васкесті (21-4-1, 10 КО) мерзімінен бұрын жеңуі шетелдік басылымдардың назарын аударды.
Америкалық Yahoo Sports басылымы Uncrowned-пен бірлескен материалында 28 жастағы қазақстандықтың нокауттық қуатын жоғары бағалады.
Нұрмағанбет Васкесті бірінші раундта нокаутқа түсірді
31 қазанда Бек Нұрмағанбет Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Сауль "Канело" Альварес – Кристиан Мбилли бокс кешінің андеркардында өнер көрсетті.
Қазақстандық боксшы қарсыласын алғашқы раундтың өзінде нокаутқа түсірді.
Жекпе-жектен кейін бірқатар БАҚ бұл жеңісті "жыл нокауты" атағына үміткерлердің бірі деп бағалады.
Yahoo Sports Нұрмағанбетті ерекше атап өтті
Америкалық басылым қазақстандық боксшының кәсіби рингтегі нәтижесіне назар аударған.
"Нұрмағанбет бұл жекпе-жекке 16 кәсіби жеңісінің 14-ін нокаутпен аяқтаған, бақылауға тұрарлық жеңілмеген проспект ретінде шықты. Васкесті жойқын жеңгеннен кейін 28 жастағы Бек екінші орта салмақтағы ең қауіпті әрі болашағы зор панчерлердің бірі деген беделін жылдам қалыптастырып келеді", – деп жазды басылым.
Айта кетейік, Маркос Васкесті жеңгеннен кейін Бек Нұрмағанбеттің кәсіби бокстағы рекорды 17-0 болды.
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мансабында алғаш рет жұптық сындағы WTA әлемдік рейтингінің үздік жүздігіне енді.
Жаңартылған рейтингте 26 жастағы қазақстандық спортшы 95-орынға көтерілді.
Құламбаеваның үздік жүздікке кіруіне Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен WTA 250 турниріндегі сәтті өнері ықпал етті. Қазақстандық теннисші нидерландылық Изабель Хаверлагпен жұптасып, жарыстың жартылай финалына дейін жеткен еді.
Ченнаида негізгі торға шықты
Жібек Құламбаеваның жекелей сындағы соңғы турнирі Үндістанның Ченнаи қаласында өткен WTA 250 жарысы болды.
1 қарашада қазақстандық теннисші іріктеу кезеңін сәтті өтіп, негізгі торға жолдама алды. Алғашқы матчта ол украиналық Елизавета Котлярды 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
Ташкентте өткен "Dostlik Cup 2026" халықаралық турнирінен кейін ауруханаға түскен қазақстандықтардың бір бөлігі емін аяқтап, елге қайтып жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір Өзбекстан астанасындағы медициналық мекемелерде 11 бала мен үш ата-ана дәрігерлердің бақылауында.
15 адам Астанаға ұшып шықты
Министрлік хабарлауынша, спортшылар, ата-аналар мен жаттықтырушылардан құралған 15 адам HY721 рейсімен Ташкенттен Астанаға аттанған.
Ал қалған қатысушылар 3 қарашада "Түркістан – Павлодар" пойызымен Қарағандыға қайтады.
Ташкенттегі халықаралық жарысқа Қарағанды облысындағы үш жеке футбол мектебінің командалары қатысқан:
"Jas Batir";
"Nomad Akademiya";
"Skaut".
Жас футболшылар 2014, 2018 және 2019 жылы туғандар санатында өнер көрсетті.
Айта кетейік, жарысқа Қазақстаннан барлығы 60 бала, 32 ата-ана және төрт жаттықтырушы барған. Турнирге қатысу мен жол шығындары жеке қаражат есебінен ұйымдастырылған.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен даниялық Якоб Банк арасында  өтетін жекпе-жек кешіне тағы бір титулдық кездесу қосылды.
Fighting.dk мәліметінше, кеште швед-австралиялық боксшы Линн Сандстрём (13-4-4, 2 КО) өнер көрсетеді.
Сандстрём WBA титулын қорғайды
Primetime Boxing ақпараты бойынша, Линн Сандстрём ең жеңіл салмақтағы WBA уақытша әлем чемпионы атағын қорғайды.
Әзірге оның қарсыласының есімі ресми түрде жарияланған жоқ. Осылайша, Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтетін кеште кемінде екі титулдық айқас болады.
Әлімханұлы WBO белбеуі үшін жұдырықтасады
Кештің басты жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Бокс кеші 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласындағы Forum аренасында өтеді.