Жарнама
Жарнама
"Басқалар үндемей отырғанда..." Самат Смақовтың жары отандық футбол жайлы ашық айтты
instagram/@uma_smakova

"Басқалар үндемей отырғанда..." Самат Смақовтың жары отандық футбол жайлы ашық айтты

"Жетісу" футбол клубының бас бапкері Самат Смақовтың жары — Ума Смақова күйеуінің батылдығын жоғары бағалап, Instagram парақшасында мәлімдеме жасады. Ол қазақстандық футболдағы әділетсіздік пен үнсіздікке қарсы пікір білдіріп, жұртты бейжай қалдырмады.

Ума Смақова Instagram-да былай деп жазды:

"Басқалар ауыз ашуға қорқып жүргенде менің күйеуім шындық үшін алдыңғы шепте тұр. Қазақстан футболында Самат сияқты ешкімнен тайсалмайтын, ешбір “қамқорлықтың” астына тығылмайтындар өте аз. Көпшілігіне ұнамайтын шындықты айтуға ерік-жігер керек". 

Бұл сөздер желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

"Басқалар үндемей отырғанда..." Самат Смақовтың жары отандық футбол жайлы ашық айтты

Естеріңізде болса, Самат Смақов ҚПЛ-дің 5-турында "Ордабасы" командасына қарсы өткен матчтан (0:1) кейін төрешілер жұмысына қатаң баға берген еді. Сонымен қатар ол қазақстандық футболдың қазіргі жай-күйі мен болашағына қатысты өз ойын ашық жеткізді:

"Біздің футбол қайда бара жатыр? Жыл өткен сайын нашарлап барады. Әлем чемпионаты мен Еуропа? Ол туралы армандаудың өзі артық. Осындай бейберекет жағдайда біз ешқайда шықпаймыз", - деді ол.

Жарнама
Жарнама