Жарнама
Жарнама
Матчтың үздік ойыншысына шаурма сертификаты берілді
sport25.pro

Матчтың үздік ойыншысына шаурма сертификаты берілді

Былтыр үздік деп танылған футболшыға саңырауқұлақ сыйлаған еді. 

Футболда кейде марапаттың өзі ойыннан да қызық болуы мүмкін. Беларусь чемпионатының Бірінші лигасындағы матчтан кейін "Торпедо-БелАЗ-2" клубының жартылай қорғаушысы Роман Железный ерекше сыйлық иегері атанды.

Ол "Полоцк" командасының қақпасына хет-трик жасап, ойынның үздігі болып танылды. Бірақ сыйлық ретінде күткен кәдімгі медаль немесе кубоктың орнына, Железныйға шаурма сертификаты табыс етілді.

Матчтың үздік ойыншысына шаурма сертификаты берілді
Фото: pressball.by

Беларусь футболындағы бұл дәстүр жаңа емес. Бұған дейін де жергілікті демеушілер креативті сыйлықтармен көзге түскен еді. Мәселен, өткен айда матчтың үздік ойыншысына саңырауқұлақтар (шампиньондар) сыйға тартылған болатын.

Жарнама
Жарнама