Жарнама
Жарнама
Дастан Сәтпаевтың алаңға оралатын күні белгілі болды
Offside.kz

Дастан Сәтпаевтың алаңға оралатын күні белгілі болды

18 жастағы футболшы қыркүйек айының басында алған жарақатынан кейін қалпына келіп жатыр.

Ағылшынның "Бернли" клубының бас бапкері Ники Хайен қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың жарақаттан кейін жақын арада команда сапына оралуы мүмкін екенін мәлімдеді.

18 жастағы футболшы қыркүйек айының басында алған жарақатынан кейін қалпына келіп жатыр.

Сәтпаев 10 қазанда оралуы мүмкін

Хайеннің айтуынша, ұлттық құрамалар матчтарына байланысты ұзақ үзіліс "Бернлиге" бірнеше ойыншысын қатарға қайтаруға мүмкіндік береді. Солардың қатарында Дастан Сәтпаев та бар. Клуб оның 10 қазанда "Уотфордқа" қарсы өтетін Чемпионшип матчының өтініміне оралуынан үмітті.

Burnley Express басылымы келтірген бапкер сөзінде Хайен Сәтпаевтың команда үшін маңызды екенін атап өткен.

"Джош Каллен негізгі топқа оралуға жақын. Дастан да қатарға қосылып келеді. Бұл бізге көбірек мүмкіндік береді. Оның сол екі матчта қаншалықты маңызды болғанын бәрі біледі. Сондықтан оны қайта пайдалана алу біз үшін өте маңызды", – деді Ники Хайен.

Дастан Сәтпаев санның артқы бөлігінен жарақат алды. Сол себепті ол соңғы апталарда командаға көмектесе алмады және қалпына келу бағдарламасынан өтіп жатыр.

"Бернли" сапында төрт матч өткізді

Жарақатына дейін қазақстандық шабуылшы "Бернли" сапында барлық турнирді есептегенде төрт матчқа қатысты.

Жарнама
Жарнама