Жарнама
Жарнама
Қазақстандық футболшы «Минск» сапындағы алғашқы голын соқты
KazFootball.kz

Қазақстандық футболшы «Минск» сапындағы алғашқы голын соқты

Жартылай қорғаушы Владислав Васильев «Минскте» тамыз айынан бастап өнер көрсетіп келеді. 

Беларусь біріншілігінің 21-ші турында «Минск» өз алаңында «Гомель» командасын қабылдап, 3:1 есебімен жеңді. 

Гол авторлары: Владислав Васильев 9, Джиме Мустафа 34, Александр Михаленко 52 – Фаваз Абдулахи 87. 

Аталған кездесуге қазақстандық футболшы негізгі құрамда шықты. Сөйтіп ойынның 9-шы минутында есеп ашты. 

Айта кетейік, Владислав Васильев осы жылдың тамыз айында «Динамо» Минсктен кетіп, «Минск» клубына ауысты. Қазір бұл команда Беларустың Жоғарғы лигасының турнирлік кестесінде 13-орында келеді. 
 

Жарнама
Жарнама