Жарнама
Жарнама
Қазақстандық бригада еурокубокта төрелік етеді
kff.kz

Қазақстандық бригада еурокубокта төрелік етеді

УЕФА Конференциялар лигасы-2024/2025 маусымында белоруссиялық "Динамо"  және солтүстікирландиялық "Ларн" арасындағы матчта қазақстандық төрешілер қызмет етеді. 

Саят Қарабаев бас төреші болады. Қапталдарда оған Александр Долгих пен Дмитрий Белоградов көмектеседі. VAR бас төрешісі — нидерландтық Йерун Мансхот.

Кездесу бейсенбі күні Әзербайжанның Сумгаит қаласында Мехти Гусейнзаде атындағы стадионда өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 22:45-те басталады. 

Жарнама
Жарнама