Жарнама
Жарнама
Винисиус 12 матчқа шеттетілуі мүмкін
championat.com

Винисиус 12 матчқа шеттетілуі мүмкін

Оған қақпашыға қарсы дөрекі ойыны себеп. 

"Реал" шабуылшысы Винисиус Жуниор 12 матчқа дисквалификацияға ұшырауы мүмкін.

Испания біріншілігінің 12-туры аясында "Валенсияға" қарсы өткен ойында Винисиус қақпашы итергені үшін қызыл алған болатын. 

Ла Лига регламентіне сәйкес, допқа ойнамай, агрессиялық әрекетке барған футболшы 4 матчтан 12 матчқа дейін шеттетілу жазасына кесіледі. Бұл туралы "Матч ТВ" хабарлады. 

Mundo Deportivo дерегі бойынша, бразилиялық футболшы ең жеңіл жаза яғни 4 матчқа дисквалификация алады. 

Айта кетейін, "Реал" - "Валенсия" матчы мадридтіктердің жеңісімен аяқталды. Есеп - 2:1. 

Жарнама
Жарнама