Жарнама
Жарнама
Неймардың табысы белгілі болды
matchtv.ru

Неймардың табысы белгілі болды

"Әл-Хиляль" клубының шабуылшысы Неймар 2024 жылы алаңда бар болғаны 42 минут өткізіп, 101 миллион еуро тапқан.

Неймар 2024 жылдың қазан айына дейін тізесінің айқасқан байламдарын қалпына келтірумен айналысты. Қазан-қараша айларында ”Әл-Хиляль” сапында екі ойын өткізді.

4 қарашада Азия чемпиондар лигасы аясында өткен ирандық “Эстеглал” қарсы матчта бразилиялық шабуылшы жамбас бұлшықеттерінен жарақат алып, алаңнан кеткен еді. Сол кезден бастап ол ресми ойындарға қатысқан жоқ.

Неймар ”Әл-Хиляльге” 2023 жылдың жазында келді. Соңғы бір жарым жылда үш ойын өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түспеген. 

Жарнама
Жарнама