Жарнама
Жарнама
Түркия чемпионатында Абат Айымбетов қатысқан матч тағдырын жылдам соғылған гол шешті
фото ашық дереккөздерден алынды

Түркия чемпионатында Абат Айымбетов қатысқан матч тағдырын жылдам соғылған гол шешті

Футболдан Түркия чемпионатының 19-турында "Адана Демирспор" сырт алаңда "Газиантеп" командасымен кездесті.

Кездесу 1:0 есебімен "Газиантептің" пайдасына шешілді. Жалғыз гол 4-ші минутта Давид Окерекенің  атына жазылды. 

Абат Айымбетов "Адана Демирспордың" негізгі құрамында шығып, 79 минут бойы ойнады. 

Осы матчтан кейін "Адана Демирспор" бес ұпаймен турнир кестесінде соңғы 19-шы орында тұр.

Жарнама
Жарнама