Жарнама
Жарнама
Универсиададағы хоккей матчы Қазақстан үшін сенсациямен аяқталды
icehockey.kz

Универсиададағы хоккей матчы Қазақстан үшін сенсациямен аяқталды

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Универсиада ойындарының ширек финалында Словакиядан жеңіліп қалды. 

Қазақстан бұл кездесуде айқын фаворит деп танылған. Бірақ словакиялықтарға 1:2 есебімен жол берді.

Осылайша жартылай финалдан тыс қалған хоккейшілеріміз жұбанышты турнирде өнер көрсетпек. Өз кезегінде Словакия ақтық кездесу жолдамасын Украинамен сарапқа салады. 

Еске сала кетсек, Қазақстан топтық кезеңде Швеция (9:2) мен Оңтүстік Кореяның (7:1) тас-талқанын шығарып, Канада (3:4 буллиттер бойынша) мен Чехиядан (1:3) жеңілген. 

Жарнама
Жарнама