Қазақстандық семсершілер Азиада медаліне жақындай түсті
Енді Ирина Бакалдина мен Владислава Андреева жартылай финал жолдамасы үшін күреседі.
Қазақстан құрамасының семсершілері Ирина Бакалдина мен Владислава Андреева Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында шпагамен жекелей сынның ширек финалына жолдама алды.
Екі қазақстандық спортшы да 1/8 финалдағы кездесулерін жеңіспен аяқтады.
Сенімді жеңіс
Ирина Бакалдина 1/8 финалда Иордания өкілі Дина Мансимен кездесті. Қазақстандық спортшы жекпе-жекті толық бақылауда ұстап, қарсыласын 15:7 есебімен жеңді.
Ал Владислава Андреева ширек финал жолдамасы үшін Оңтүстік Корея спортшысы Лим Тэхимен сынға түсті. Тартысты өткен кездесуде Андреева 15:13 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстанның бірден екі шпагашысы Азия ойындарының үздік сегіздігіне енді.
Жарнама
Жарнама