Жарнама
Жарнама
Қазақстан Өзбекстанға пенальти сериясында жеңіліп қалды
olympic.kz

Қазақстан Өзбекстанға пенальти сериясында жеңіліп қалды

Азия ойындарындағы Қазақстанның қорытынды орны Таиланд пен Сингапур арасындағы кездесудің нәтижесіне байланысты болады.

Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы кезекті кездесуін өткізді.

Турнирдің соңғы матчында қазақстандық ватерполшылар Өзбекстан құрамасымен кездесті. Кездесудің негізгі уақыты 8:8 есебімен аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Шешуші соққыларда Өзбекстан құрамасы дәлірек болды. 

Қазақстан Азия ойындарында қалай ойнады?

Қазақстан құрамасы жарысты Сингапурды 12:7 есебімен жеңуден бастады. Одан кейін турнир қожайыны Жапониядан 10:25 есебімен ұтылды. 

Содан соң Таиландпен өткен тартысты матчта пенальти сериясы бойынша 14:13 есебімен жеңіске жетті. Ал Қытайға қарсы кездесуде Қазақстан 3:19 есебімен есе жіберді.

Үшінші орын Таиланд – Сингапур матчына байланысты

Әйелдер арасындағы су добы турниріне барлығы алты құрама қатысып, жарыс айналмалы жүйе бойынша өтіп жатыр.

Қазақстанның қорытынды орны Таиланд пен Сингапур арасындағы кездесудің нәтижесіне байланысты болады. Егер Таиланд құрамасы жеңіске жетсе, ол Қазақстанды турнир кестесіндегі үшінші орыннан ығыстырады.

Жарнама
Жарнама