Жарнама
Жарнама
Өзбекстан Азия ойындарында Қазақстанды басып озды
steppenews.kz

Өзбекстан Азия ойындарында Қазақстанды басып озды

Қазір екі елдің де еншісінде 8 алтыннан бар. Алайда Өзбекстан қосымша жүлделер саны бойынша алда. 

Өзбекстан құрамасы Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының медаль есебінде Қазақстанды төртінші орыннан ығыстырды.

26 қыркүйек таңында өзбекстандық спортшылар жарыстағы сегізінші алтын медалін жеңіп алды.

Өзбекстанға сегізінші алтынды кім әкелді?

Өзбекстан қоржынына кезекті алтын жүлдені Шахриёр Махкамов салды.

Ол байдаркамен ескек есуде K1 санаты бойынша 500 метр қашықтықта жеңімпаз атанды.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан мен Өзбекстанның алтын медаль саны теңесті.

Қазақстан бесінші орынға түсті

Қазір екі елдің де еншісінде 8 алтыннан бар. Алайда Өзбекстан қосымша жүлделер саны бойынша алда тұр:

  • Өзбекстан – 8 алтын, 17 күміс, 9 қола;
  • Қазақстан – 8 алтын, 8 күміс, 18 қола.

Осының нәтижесінде Өзбекстан төртінші орынға көтеріліп, Қазақстан бесінші орынға сырғыды.

Айта кетейік, жалпы медаль кестесінде Қытай айқын басымдықпен бірінші орында келеді. Қытай спортшыларының еншісінде 103 алтын, 38 күміс және 25 қола бар.

Екінші орында Жапония – 29-43-46, ал үшінші сатыда Оңтүстік Корея – 13-19-35.

2026 жылғы Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

Жарнама
Жарнама