Жарнама
Жарнама
Гір көтеруден 13 дүркін әлем чемпионы басшылық қызметтен кетті
Girevik Online

Гір көтеруден 13 дүркін әлем чемпионы басшылық қызметтен кетті

Танымал қазақстандық спортшы Евгений Гончаров Ақтөбе облысы спорт басқармасының басшысы қызметінен кетті.

Ол бұл қызметке 5 жыл бұрын тағайындалған еді. Оған дейін Ақтөбе қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 
Айта кетейік, Евгений Гончаров - гір көтеруден 13 дүркін әлем чемпионы. Қазақстан чемпионатының 32 дүркін жеңімпазы. Әлем рекордын орнатқан даңқты спортшы. 
 

Жарнама
Жарнама