Жарнама
Жарнама
Александр Усик пен Криштиану Роналду Сауд Арабиясында кездесті
instagram/@cristiano

Александр Усик пен Криштиану Роналду Сауд Арабиясында кездесті

Аса ауыр салмақтағы WBA, WBO, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усик Сауд Арабиясында португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен кездесті. Қазір Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында өнер көрсетеді

Украиналық боксшы атақты футболшымен түскен суретін өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

"Аңыз чемпионмен шынайы әрі жылы әңгіме! Біз әрдайым бір-бірімізден үйреніп, тәжірибе алмасып, осы сәтті бірге сезінеміз. Криштиануға оның еңбекқорлығы мен ерекше ойлау жүйесі үшін құрмет білдіремін. Кездескенше, досым!" – деп жазды Александр Усик.

Жарнама
Жарнама