Жарнама
Жарнама
Қазақстан су добынан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Instagram/@qaz_team_official

Қазақстан су добынан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында су добынан ұлттық құрама Оңтүстік Кореяны ойсырата жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. 

1/4 финалда Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесіп, 22:9 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Бұл матч қазақстандық спортшылардың басымдығын көрсетіп, қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. 

Қазақстан жартылай финалда Жапония – Гонконг кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Жарнама
Жарнама