Жарнама
Жарнама
Зарина Дияс Жапония турнирінде басты фаворитті жолдан тайдырды
liveresult.ru

Зарина Дияс Жапония турнирінде басты фаворитті жолдан тайдырды

Қазақстандық қыздың келесі қарсыласы кейінірек белгілі болады. 

Қазақстанның бұрынғы бірінші нөмірі, қазір WTA рейтингінде 318-орында тұрған Зарина Дияс Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің ширек финалында Австралия өкілі Лизетт Кабраны (215) жеңді.

1 сағат 52 минутқа созылған кездесу 6:2, 3:6, 6:2 есебімен Диястың пайдасына шешілді.

Еске салайық, Кабрера турнирде бірінші нөмірмен қатысып, басты фаворит саналған еді.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші "жапон дербиінің" жеңімпазы Химено Сакацуме (252) - Эри Шимизумен (373) кездеседі.

Жарнама
Жарнама
Материалда: