Жарнама
Жарнама
Елена Рыбакина Уимблдон қарсаңында жаңа образын көрсетті
instagram/@lenarybakina

Елена Рыбакина Уимблдон қарсаңында жаңа образын көрсетті

2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина жаңа формасын көрсетті. Турнирдің негізгі сеткасы 30 маусым–12 шілде аралығында өтеді.

Жаңа образ – жаңа көзқарас

2022 жылдың Уимблдон жеңімпазы, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина жеке Instagram парақшасында биылғы Уимблдонға киетін курткасы мен сөмкесінің суретін жариялады. Фото бірден жанкүйерлер назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.

“Жаңа маусым — жаңа мақсаттар. Кортта кездескенше!” – деп жазды теннисші қысқа ғана сипаттамасында.

Уимблдон-2025 кестесі

  • Негізгі сетка: 30 маусым – 12 шілде
  • Титулының қазіргі иесі: Барбора Крейчикова (Чехия)
  • Өткен жылдағы финал: Крейчикова – Жасмин Паолини

2024 жылы Рыбакина жартылай финалда дәл осы Крейчиковадан ұтылып қалған болатын. Биыл қазақстандық спортшы титулды қайта қайтаруды көздейді.

Жарнама
Жарнама