Жарнама
Жарнама
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сенімді жеңіспен бастады (ВИДЕО)
x.com

Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сенімді жеңіспен бастады (ВИДЕО)

Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тың Цинциннати қаласында WTA 1000 санатындағы турнирде алғашқы кездесуін сәтті өткізді.

Таунсендті екі сетте жеңді

WTA рейтингінде екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 110-ракеткасы, америкалық Тейлор Таунсендпен кездесті.

Рыбакина матчтың алғашқы минуттарынан-ақ ойын тізгінін өз қолына алып, қарсыласына айтарлықтай мүмкіндік берген жоқ. Ақырында екі сетте жеңіске жетті. Есеп: 6:3, 6:4.

Осылайша Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына жолдама алды. Бұл кезеңде польшалық Магдалена Фрешпен ойнайды. 

Турнирдің жүлде қоры қанша?

2026 жылы Цинциннатиде өтіп жатқан жарыстың жалпы жүлде қоры 7 433 076 долларға тең. 

Турнир чемпионы 1 086 220 доллар көлемінде сыйақы алады және WTA рейтингінде 1000 ұпайға ие болады.

Жарнама
Жарнама