Елена Рыбакина Қазақстанға оралды
Бұған дейін теннисшінің елде бірқатар іс-шараға қатысатыны және жарақаттан кейінгі қалпына келу курсынан өтетіні хабарланған еді.
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстанға келді.
Қазақстандық теннисші Instagram парақшасындағы "сторисінде" Алматы қаласын белгілеп, гүл шоғымен түскен суретін жариялады.
Бұған дейін теннисшінің елде бірқатар іс-шараға қатысатыны және жарақаттан кейінгі қалпына келу курсынан өтетіні хабарланған еді.
Ұлттық құрамаға көмектесе алмайды
Айта кетейік, қалпына келу процесіне байланысты Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында ойнай алмайды.
Естеріңізде болса, Елена Рыбакина US Open-2026 финалында белорус Арина Соболенконы үш сетте жеңді – 6:4, 5:7, 6:2.
Осы жеңістің арқасында ол мансабындағы үшінші "Үлкен дулыға" титулын иеленді.
Бұған дейін Рыбакина:
- Уимблдон-2022;
- Australian Open-2026 турнирлерінде чемпион атанған.
Қазақстандық теннисші қазір WTA рейтингінің бірінші орнында тұр.