Жарнама
Жарнама
Қазақстандық пен украиналық теннисшінің матчі сенсациямен аяқталды
sputnik.kz

Қазақстандық пен украиналық теннисшінің матчі сенсациямен аяқталды

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев пен украиналық Виталий Сачко Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан "Челленджер" сериясындағы турнирдің финалына жолдама алды. 

Жартылай финалда қазақстандық-украиналық жұп америкалық Василий Кирков пен нидерландтық Барт Стивенстен басым түсті.

Ойын 7:6, 6:7, 10:4 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 58 минут өткізді.

Финалда қазақстандық-украиндық жұпқа Иван Лютаревич (Беларусь) / Люка Санчес (Франция) дуэті қарсылас болады.

Жарнама
Жарнама