Жарнама
Жарнама
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде топ жарды
ulyssport.kz

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде топ жарды

Григорий Ломакин америкалық Ник Чеппеллмен жұп құрып, Бангалор қаласында (Үндістан) өткен ITF турнирінің жұптық санатында чемпион атанды.

Турнирдің шешуші матчында Григорий Ломакин мен Ник Чеппелл жергілікті үміткерлер — Эс Де Праджвал Дев пен Нитин Кумар Синхаға қарсы шықты. Үндістандықтар турнирге үшінші нөмірмен тіркелген мықты жұп саналған.

Бірақ қазақстандық-америкалық дуэт сенімді ойын көрсетіп, екі сетте — 6:2, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде топ жарды
ФОТО: instagram/@tennis_karnataka

Ломакин мен Чеппелл турнир фавориттері қатарында болмағанымен әр матчта жоғары шеберліктерін дәлелдеп, шешуші сәтте еш мүдірмеді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры — 25 000 АҚШ доллары болды. 

Жарнама
Жарнама