Жарнама
Жарнама
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 12 алтын медаль жеңіп алды
Instagram/@boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 12 алтын медаль жеңіп алды

Түркістанда Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өтті. 

Турнирде ерлер арасында 13 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды. Қазақстандық боксшылар тамаша өнер көрсетіп, 12 алтын медаль жеңіп алды. Ел намысын қорғаған чемпиондар тізімі төмендегідей:

  • Нұрғиса Тұрабеков – 48 кг
  • Дарын Құлжабай – 51 кг
  • Самат Жетібай – 57 кг
  • Нұрболат Бекбау – 60 кг
  • Архат Тұрғынбек – 63,5 кг
  • Әбдіғалым Әбдікерім – 67 кг
  • Ахмет Үсен – 71 кг
  • Нариман Асқарұлы – 75 кг
  • Азамат Бектас – 80 кг
  • Бекболат Әбдікерім – 86 кг
  • Нұрмағамбет Жүсіпов – 92 кг
  • Даниял Сапарбай – 92+ кг

Турнирде Қазақстаннан тыс шыққан жалғыз чемпион — Қырғызстанның намысын қорғаған Нұржігіт Дюшебаев (54 кг) болды.

Жарнама
Жарнама