Жарнама
Жарнама
Нокаут, сенімді жеңіс пен бас тарту — қазақстандық жастар Азия чемпионатында қалай өнер көрсетіп жатыр?
instagram/@boxingkazakhstan

Нокаут, сенімді жеңіс пен бас тарту — қазақстандық жастар Азия чемпионатында қалай өнер көрсетіп жатыр?

Қазақстандық жас боксшылар Азияның жастар арасындағы чемпионатында және 22 жасқа дейінгі былғары қолғап шеберлері арасында жарқын нәтижелер көрсетіп жатыр. Турнир Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтуде.

Жастар турнирі (ерлер)

  • 63,5 кг — Мұхит Нұрқабылұлы (Қазақстан) vs Халлари Бой (Малайзия)
  • Жеңіс — техникалық нокаут (3-раунд)
  • 67 кг — Сұлтан Тұрдәлі (Қазақстан) vs Абдулазиз Бохаймед (Кувейт) Жеңіс — бірауыздан төрешілер шешімімен
  • 71 кг — Бекарыс Нұрмұхан (Қазақстан) vs Арваз Ахмади (Қырғызстан) Жеңіліс — бөлек төрешілер шешімімен
  • 86 кг — Нұрсұлтан Қыстаубай (Қазақстан) vs Рустам Мамадпаноев (Тәжікстан) Жеңіс — бірауыздан төрешілер шешімімен

22 жасқа дейінгі турнир

Ерлер:

  • 67 кг — Бахтияр Анарбаев (Қазақстан) vs Мухаммад Мохд Фарид (Малайзия)
    Жеңіс — бірауыздан төрешілер шешімімен

  • 71 кг — Ағажан Қадыр (Қазақстан) vs Канде Бандара (Шри-Ланка)
    Жеңіс — қарсылас бірінші раундта бас тартты

Әйелдер:

  • 60 кг — Анар Тұрсынбек (Қазақстан) vs Шивани (IBA)
    Жеңіс — бірауыздан төрешілер шешімімен

  • 66 кг — Ұлдана Таубай (Қазақстан) vs Тран Тхи Тует (Вьетнам)
    Жеңіс — техникалық нокаут (2-раунд)

Жарнама
Жарнама
Клуб беті: Қазақстан U21