Жарнама
Жарнама
Қазақ файтері UFC турнирінде Хабибтің командасынан шыққан қарсыласпен айқасады
vesti.kz

Қазақ файтері UFC турнирінде Хабибтің командасынан шыққан қарсыласпен айқасады

Қазақстандық файтер Азат Мақсұм UFC тарихындағы маңызды турнирге қатысады. Оның қарсыласы – Хабиб Нурмагомедовтің командасынан шыққан Ресей спортшысы Тагир Уланбеков. Жекпе-жек 22 маусым күні Әзербайжанда өтеді.

Мақсұмның UFC-дегі жолы: дебют және екінші сынақ

Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 2023 жылдың шілде айында өткізді. Ол кезде қазақстандық спортшы Тайсон Нэмді (21-14) төрешілердің бөлек шешімімен жеңіп, жарқын дебют жасаған еді. Бірақ содан кейін тек бір жекпе-жек өткізіп, Чарльз Джонсонға (17-7) ұпай санымен жол берген.

Тарихи турнир және мықты қарсылас

MMA әлеміндегі беделді инсайдерлік ақпарат көздерінің бірі – Red Corner MMA мәлімдеуінше, Азат Мақұм 22 маусым күні UFC тарихында алғаш рет Әзербайжанда өтетін турнирде октагонға қайта оралады.

Оның қарсыласы – Тагир Уланбеков (16-2), UFC рейтингінде ең жеңіл салмақта 10-орында тұрған тәжірибелі файтер. Уланбеков – Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачев сынды атақты дағыстандық чемпиондардың серіктесі.

Уланбеков соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 18 қаңтарында өткізіп, Клэйтон Карпентерді (8-1) төрешілер шешімімен жеңіп шыққан.

Жарнама
Жарнама