Жарнама
Жарнама
Қазақстан нокаутпен Азия чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды (ВИДЕО)
sports.kz

Қазақстан нокаутпен Азия чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды (ВИДЕО)

Қазақстандық жас боксшы Гүлназ Бөрібаева жастар арасындағы Азия чемпионатының (U-19, U-22) ширек финалында керемет жеңіске жетіп, ел қоржынына алғашқы медальді салды.

Бірінші раундтағы нокдаун, екінші раундтағы тоқтатылған жекпе-жек

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бөрібаева жапониялық Нон Госогаваны есеңгіретіп тастады. Бірінші раундта-ақ Нон нокдаунға түссе, екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды — нокаут!

Кемінде қола медаль

Осылайша Бөрібаева жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті. Бұл – ел үшін тарихи жетістік. Себебі World Boxing ұйымы ұйымдастырған бұл чемпионат — Азия құрлығында тұңғыш рет өткен жастар арасындағы континенттік жарыс.

Жарнама
Жарнама
Клуб беті: Қазақстан U21