Жарнама
Жарнама
Азия чемпионатының финалында бес бірдей Қазақстан – Өзбекстан "эль-классикосы" өтеді
Спортты дамыту дирекциясы

Азия чемпионатының финалында бес бірдей Қазақстан – Өзбекстан "эль-классикосы" өтеді

Таиландта бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы (U22) Азия чемпионатында нағыз шиеленіске толы финалдар болады. Қазақстан мен Өзбекстанның мықтылары бес бірдей салмақта алтын үшін жұдырықтасады.

Бес салмақтағы басты айқастар:

  • 60 келі Нұрислам Қалдыбаев (Қазақстан) — Шохрух Абдумаликов (Өзбекстан)
  • 65 келі Илья Калинин (Қазақстан) — Саят Ильясов (Өзбекстан)
  • 70 келі Нұрбек Мұрсал (Қазақстан) — Мұхаммад Азизбек Исмоилов (Өзбекстан)
  • 80 келі Санжарәлі Бегалиев (Қазақстан) — Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)
  • 90 келі Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) — Шахзод Палвонов (Өзбекстан)

Финалдар қашан өтеді?

Жеңімпаздар анықталатын U22 санатындағы финалдық жекпе-жектер 11 тамыз күні өтеді. Бұл күн — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы нағыз бокс дербиіне айналмақ.

Жарнама
Жарнама
Клуб беті: Қазақстан U21