Жарнама
Жарнама
Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында жүлдеге қол созды
ijf.org

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында жүлдеге қол созды

Болгария астанасында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны жүлдемен толықты.

Қола медаль үшін шешуші белдесу

50 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Арман Мұса жүлделі орын үшін венгриялық Милан Сабомен татамиде күш сынасты.

Белдесу ұзаққа созылған жоқ. Қазақстандық дзюдошы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, қола медальды қанжығасына байлады.

Қазақстан қоржыны толықты

Осылайша Арман Мұса дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші орынға ие болып, Қазақстан спорт тарихына тағы бір жетістік қосты.

Жарнама
Жарнама
Клуб беті: Қазақстан U19