Жарнама
Жарнама
Қазақстандық боксшылар III ТМД елдері ойындарынан екі алтын жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық боксшылар III ТМД елдері ойындарынан екі алтын жеңіп алды

Әзірбайжанның Евлах қаласында орналасқан Олимпиада орталығында бокстан III ТМД елдері ойындарының қыздар арасындағы финалдары өтті.

Бұл сында финалға шыққан 2 боксшымыз қарсыласын ұтып, әнұранымызды шырқатты.

-60 кг, финал:

Жасмин Абрамян – Айнұр Исмаилова (Әзірбайжан). Есеп: 5-0.

Қазақстандық боксшылар III ТМД елдері ойындарынан екі алтын жеңіп алды

-66 кг, финал:

Диляра Тұрсынбек – Лустина Ануфриева (Ресей). Есеп: 5-0.

Қазақстандық боксшылар III ТМД елдері ойындарынан екі алтын жеңіп алды

Сонымен қатар тағы 5 былғары қолғап шеберіміз қола жүлдеге ие болды. Олар:

Асылай Мұрат (-48 кг)

Аружан Тіллабай (-52 кг)

Аделаида Садвакасова (-54 кг)

Балым Ғабитқызы (-57 кг)

Мадина Нұрманова (-63 кг)

Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы – Айбек Әбілда. Енді бүгін ұлдар арасында бір отандасымыз Едіге Нұрқожа (-52 кг) бас жүлдеге таласады.

Жарнама
Жарнама