"Странджа-2026": Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші жеңісін тіркеді (ВИДЕО)
77-ші халықаралық "Странджа" турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жарыс күнін сәтті бастады. Әнел Сақыш Қазақстанға қатарынан үшінші жеңіс сыйлады.
Моңғол қарсыласына нокдаун саналды
Әнел Сақыш әйелдер арасындағы 54 кг салмақ дәрежесінің 1/8 финалында Моңғолия өкілі Энхжаргал Мунгунцэцэгпен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысында төрешілер жеңісті бір ауыздан — 5:0 есебімен қазақстандық боксшыға берді.
Жекпе-жек барысында Сақыштың басымдығы анық байқалды. Екінші раундта рефери моңғол қызына нокдаун есептеді. Нәтижесінде Әнел ширек финалға өтті, ал қарсыласы турнирмен қоштасты.
Қазақстанның екінші күндегі “хет-тригі”
Әнел Сақыштың бұл жеңісі Қазақстан құрамасы үшін екінші күні қатарынан келген үшінші табыс болды. Бұған дейін Жазира Орақбаева (51 кг) мен Жайна Шекербекова (54 кг) жеңіске жеткен.
Жарнама
Жарнама