Жарнама
Жарнама
Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен айқасу үшін Туркиден көмек сұрады
Vesti.kz

Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен айқасу үшін Туркиден көмек сұрады

Қазақстандық пен британдық боксшы арасындағы жекпе-жекке байланысты WBO промоутерлік саудасы 16 қыркүйекте өтуі тиіс.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Сауд Арабиясындағы ірі бокс кештерін ұйымдастыратын Турки әл аш-Шейхке үндеу жасап, WBO чемпионы Хамза Ширазбен титулдық жекпе-жекті өткізуге көмектесуді сұрады.

Әлімханұлы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Турки әл аш-Шейхке тікелей жүгінді.

"Турки бауырым, мен сені әрдайым бокс әлеміндегі ең мықты адамдардың бірі деп санадым. Хамза екеуміздің жекпе-жегімізді ұйымдастыру туралы ойладың ба? Егер есіңде болса, алғаш кездескенімізде үлкен жоспарларың бар екенін айтқан едің. Меніңше, уақыты келді", – деп жазды Жәнібек.

Қазақстандық пен британдық боксшы арасындағы жекпе-жекке байланысты WBO промоутерлік саудасы 16 қыркүйекте өтуі тиіс. Тараптар келіссөз барысында ортақ мәмілеге келе алмағандықтан, жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы аукцион арқылы анықталмақ.

WBO саудасының бастапқы бағасы – 300 мың доллар

Әлімханұлы – Шираз жекпе-жегіне арналған промоутерлік сауданың бастапқы сомасы 300 мың доллар болады.

Егер промоутерлер соңғы сәтте келісімге келе алмаса, жекпе-жекті ұйымдастыру құқығын ең жоғары ұсыныс жасаған тарап алады.

Жекпе-жек былтыр да жоспарланған

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың айқасы бұған дейін де талқыланған болатын. 

2025 жылғы 22 ақпанда Эр-Риядта өткен Бетербиев – Бивол 2 кешінде Шираз WBC орта салмақтағы чемпионы Карлос Адамеспен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен тең аяқталды: бір төреші Ширазға, біреуі Адамеске басымдық берсе, үшіншісі тең есеп қойған. 

Сол кезеңде Әлімханұлы – Шираз жекпе-жегі де Сауд Арабиясындағы кештердің біріне ұсынылған болатын. Бірақ ол кездесу жүзеге аспады.

Жарнама
Жарнама