Назым Қызайбай мен Оразбек Асылқұловтың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?
Бүгін жарысты алдымен Назым Қызайбай бастаса, кейін Оразбек Асылқұлов алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Бүгін Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының екі боксшысы рингке шығады.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Назым Қызайбай 1/8 финалда Қытай өкілі Сюань Чжаомен жұдырықтасады. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 13:00-де басталады.
60 келіге дейінгі салмақтағы Оразбек Асылқұловтың алғашқы қарсыласы – Оңтүстік Корея боксшысы Чан Дон Хван. Олардың кездесуі Қазақстан уақытымен 14:15-те басталады.
Екі жекпе-жектің де тікелей трансляциясын "Qazaqstan" телеарнасынан көруге болады.
Қазақстандық боксшылардың нәтижесі
Бұған дейін Азия ойындарындағы алғашқы кездесулерін Төрехан Сабырхан (70 кг) мен Алуа Балқыбекова (51 кг) жеңіспен аяқтады.
Ал 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сабыржан Аққалықов алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, жарыстан шығып қалды.
Айта кетейік, алдағы күндері Қазақстан құрамасының тағы алты өкілі алғашқы жекпе-жектерін өткізеді. Олар – Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Виктория Графеева, Аида Әбікеева және Наталья Богданова.