Жарнама
Жарнама
UFC Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегін ресми жариялады
instagram/@asu_zulfikar57

UFC Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегін ресми жариялады

Қазақстандық файтер 21 қарашада Катардағы UFC Fight Night турнирінде жапониялық Кёдзи Хоригучимен кездеседі. 

Қарсыласы туралы

Аса жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде Алмабаев бесінші, ал Хоригучи сегізінші орында тұр. Қазақстандық файтердың кәсіби көрсеткіші — 24 жеңіс, 3 жеңіліс. Бұрын Rizin және Bellator ұйымдарының чемпионы болған Хоригучидің еншісінде 36 жеңіс, 6 жеңіліс бар.

Алмабаев соңғы жекпе-жегінде 27 маусымда Бакуде америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта ауырту әдісімен жеңген. Бұл оның қатарынан үшінші және UFC-дегі сегіз айқастағы жетінші жеңісі болды.

Хоригучи болса, 20 маусымда Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінің басты кездесуінде Манель Капеден үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді.

Тағы кімдер жұдырықтасады?

Турнир бағдарламасына Алджамейн Стерлинг пен Кевин Вальехос, Дэн Хукер мен Брайан Ортега, Джаред Каннонир мен Икрам Алискеров, сонымен бірге Шамиль Газиев пен Таллисон Тейшейра арасындағы айқастар енген.

Кештің басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Иржи Прохазка жартылай ауыр салмақта жаңазеландиялық Наваджо Стирлингпен кездеседі.

Жарнама
Жарнама