Жарнама
Жарнама
Қазақ пен өзбек боксшысының жұдырықтасуы тартысқа толы болды
sportarena.kz

Қазақ пен өзбек боксшысының жұдырықтасуы тартысқа толы болды

Ташкентте бокстан Өзбекстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды.

60 келіге дейін салмақ дәрежесінде чемпиондық атақты этникалық қазақ Мадияр Данияров пен Шохрух Абдумаликов сарапқа салды. Қос боксшы өзара соққы алмасып, жекпе-жекті белсенді өткізді. Техникалық тұрғыда қарсыласынан осал болған Мадияр бұл айырмашылықты қатаң, екпінді соққылармен толтырып отырды.

Дегенмен төрешілер үш раундқа созылған жұдырықтасу нәтижесінде жеңісті Абдумаликовке берді.

Жарнама
Жарнама
Материалда: