Жарнама
Жарнама
Қазақстандық боксшы Испаниядағы турнирде қарсыласын әбден сабады
RunaSport

Қазақстандық боксшы Испаниядағы турнирде қарсыласын әбден сабады

Бейбарыс Жексен Ла-Нусияда (Испания) өткен Boxam Elite-2025 халықаралық турнирінің ширек финалдық жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Жексен 60 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі ширек финалда украиналық Максим Власюкпен жұдырықтасты. 

Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер біраузыдан қазақстандық былғары қолғап шеберін жеңімпаз деп тапты.

Еске сала кетсек, халықаралық Boxam Elite турнирі 9 ақпанда мәреге жетеді. 

Жарнама
Жарнама