Жарнама
Жарнама
Өзбекстандағы этникалық қазақ жартылай финалда бразилиялық боксшымен жұдырықтасты
sports24.kz

Өзбекстандағы этникалық қазақ жартылай финалда бразилиялық боксшымен жұдырықтасты

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымдастырған әуесқойлар арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр. 

Төртінші жарыс күнінде рингке 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Өзбекстаннан келген этникалық қазақ – Мадияр Данияров шықты. Ол жартылай финалда жергілікті боксшы Луис Оливейрамен кездесіп, үш раунд бойы тартысты жекпе-жек көрсетті.

Нәтижесінде төрешілердің шешімімен — 4:1 есебімен жеңіс бразилиялық боксшының еншісіне жазылды.

World Boxing федерациясы өткізетін әлемдік турнирдің алғашқы кезеңі 6 сәуірде мәреге жетеді. 

Екінші кезең – 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда ұйымдастырылады.

Финалдық кезең – Үндістанда өтеді деп жоспарланған.

Жарнама
Жарнама