Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Заң бұзған велосипедшілер түрмеге қамалады

Жапонияда жуырда осындай заң қабылданды. 

Заң бұзған велосипедшілер түрмеге қамалады
Varlamov.ru

Жапонияда велосипедшілерге талапты күшейтті. Бұдан былай велосипедпен келе жатып, телефонмен сөйлескендер 6 ай бас бостандығынан айырылады. Немесе 100 мың иен айыппұл төлеуге міндетті. 
Ал мас күйде велосипедке мінген адам 1 жыл түрмеде отырады.

Жаңа заң өткен жұмада күшіне енді. Биліктің бұл бастамасына велосипедшілер арасында жол көлік оқиғасының артуы себеп болған. 

Былтыр 72 мың апат тіркелді. Бұл - елдегі жалпы жол-көлік оқиғасының 20пайызына тең. 

Бұл туралы не ойлайсыз?