Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Рыбакинада жаңа хобби пайда болды

Әлемнің алтыншы ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Дубайдағы автомектепте оқудан өтіп жатыр.

Рыбакинада жаңа хобби пайда болды
sputnik.kz

Бұл туралы Чемпионат.com хабарлайды:

“Жақында мен автомектепке оқуға түстім. Инструкторым өте қатал. Бірақ бұл тәжірибе өзіме қатты ұнайды. Емтиханды асыға күтіп жүрдім”, – деді Рыбакина Дубайдағы автомектеп жариялаған бейнероликте. 

Еске сала кетейік, биыл Рыбакина Штутгарттағы WTA-500 грунт турнирінде Porsche көлігін ұтып алған еді.

2024 жылы Елена Рыбакина WTA дәрежелі үш титул иеленген (Брисбен, Абу-Даби, Штутгарт, барлығы — WTA-500 санатында), тағы екі рет финалда ойнаған. “Үлкен дулыға” туринріндегі ең үздік нәтижесі Уимблдонның жартылай финалына шығуы болды. WTA қорытынды турнирінде – 2024 Елена топтан шыға алмады. 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?