Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

«Қайрат» кубокты табыстау сәтінен видео жариялады

Алматының «Қайрат» футбол клубы ел чемпиондығы атағын ресми түрде иеленіп, салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

«Қайрат» кубокты табыстау сәтінен видео жариялады
instagram/@f.c.kairat

«Қайрат» ойыншылары жанкүйерлердің зор қошеметімен сахнаға көтеріліп, Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымындағы чемпиондық трофейін бірінен соң бірі жоғары көтерді. Эмоция мен қуанышқа толы сәтті бейнероликтен көруге болады.

Маусымның соңғы турында шешуші матч өтті. «Қайрат» — «Астана» кездесуі Алматыда 1:1 есебімен аяқталды. Бұл нәтиже «Қайратқа» чемпиондықты сақтап қалуға мүмкіндік берді.

«Қайрат» сапынан гол авторы — Дастан Сәтпаев (56-минут) мергендік танытса, ал «Астанадан» — Марин Томасов (15-минут) нәтижелі соққы жасады. 

Қорытынды кесте бойынша алматылықтар 59 ұпай жинап, бірінші орынға жайғасты. Ал астаналық команда 57 ұпаймен маусымды екінші орында аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:
Клуб беті: Қайрат 2-орын