Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қайрат Нұрдәулетов ҚПЛ клубын ресми түрде тізгіндеді

Қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов Талдықорғанның «Жетісу» ФК бас бапкері болып тағайындалды.

Қайрат Нұрдәулетов ҚПЛ клубын ресми түрде тізгіндеді
Instagram/@jetisufk

«Жетісу» жаңа бас бапкерін таныстырды

Клубтың инстаграм парақшасында жарияланған мәлімдемеде:

«Қайрат Нұрдәулетов — „Жетісу“ футбол клубының бас бапкері! Тәжірибелі маман командаға қайта оралды. Алда — жаңа мақсаттар мен үлкен міндеттер», — делінген.

Нұрдәулетов «Жетісуды» бұрын да баптаған

Айта кетейік, Қайрат Нұрдәулетов 2023–2024 жылдары да «Жетісудың» тізгінін ұстаған. Кейін ол «Ертісті» басқарды. Ал ҚПЛ-2025 маусымының ортасынан бастап Көкшетаудың «Оқжетпесіне» бас бапкер болып тағайындалған еді.

Өткен маусымда «Жетісу» Қазақстан Премьер-Лигасында Самат Смақовтың жетекшілігімен 21 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орынға тұрақтаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Жетісу 16-орын