Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Өзбекстан FIFA Series турнирінің чемпионы атанды

Өзбекстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінің шешуші матчында Венесуэланы тізе бүктірді.

Өзбекстан FIFA Series турнирінің чемпионы атанды
Instagram/@uzbekistanfa

Бәрін пенальти сериясы шешті

Ташкенттегі "Бунёдкор" стадионындағы кездесу негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Матч 0:0 есебімен аяқталды.

Бірақ пенальти сериясында өзбекстандық футболшылар дәлдікті жоғалтпай, қарсыласынан 5:4 есебімен басым түсті.

Топтағы тағы бір матчта Габон құрамасы Тринидад және Тобагоны пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтты. Ал негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталған.

Осылайша шағын турнир қорытындысы бойынша:

  • Өзбекстан — 6 ұпай, 1-орын
  • Венесуэла — 3 ұпай, 2-орын
  • Габон — 2 ұпай, 3-орын
  • Тринидад және Тобаго — 1 ұпай, 4-орын

Өзбекстан турнирді сенімді бастады

Еске салсақ, Өзбекстан алғашқы ойында Габонды 3:1 есебімен жеңді. Ал Венесуэла Тринидад және Тобаго құрамасын 4:1 есебімен ойсырата ұтқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?