Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстанның Еуро-2028 іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары жарияланды

Еуро-2028 іріктеу кезеңінің ресми жеребесі 2026 жылдың 6 желтоқсанында Белфастта өтеді.

Қазақстанның Еуро-2028 іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары жарияланды
sportarena.ua

Қазақстан футбол құрамасының 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде кездесуі мүмкін қарсыластары анықталды.

FMD болжамды себеттер негізінде Еуро-2028 іріктеу турнирінің жеребесін модельдеген. Симуляция нәтижесінде Қазақстан құрамасы H тобына түсті.

Модель бойынша Қазақстанның ықтимал қарсыластары:

  • Франция;
  • Польша;
  • Черногория.

Бұл сценарийде H тобында төрт құрама өнер көрсетеді. Айта кетейік, бұл – ресми жеребе емес, тек қазіргі болжамды себеттерге негізделген симуляция.

Ресми жеребе қашан өтеді?

Еуро-2028 іріктеу кезеңінің ресми жеребесі 2026 жылдың 6 желтоқсанында Белфастта өтеді.

Бес құрамадан тұратын топтардағы кездесулер 2027 жылдың наурызында басталса, төрт командалық топтар жарысқа қыркүйекте қосылады. Тікелей жолдаманы топ жеңімпаздары мен екінші орын алған үздік командалардың бір бөлігі иеленеді. Қалған төрт жолдама 2028 жылдың көктеміндегі плей-офф кезеңінде сарапқа салынады.

Ұлттар лигасының нәтижесі маңызды

Еуро-2028 іріктеуіндегі себеттерді қалыптастыруға 2026/27 маусымындағы UEFA Ұлттар лигасының қорытындысы әсер етеді.

Ұлттар лигасындағы жалпы рейтинг құрамалардың негізгі жеребеде қай себеттен орын алатынын анықтауға ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан үшін қазіргі Ұлттар лигасындағы әрбір нәтиже Еуро-2028 іріктеуіндегі болашақ қарсыластар деңгейіне де әсер етуі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?