Словакия – Қазақстан матчының нақты есебі айтылды
Ұлттар лигасы аясындағы матч 29 қыркүйек күні Кошице қаласында өтеді. Басталуы – Қазақстан уақытымен 23:45-те.
Ресейлік "ВсеПроСпорт.ру" сайтының сарапшысы Иван Корнийчук UEFA Ұлттар лигасы аясында өтетін Словакия – Қазақстан матчына болжам жасады.
Сарапшының пікірінше, алаң иелері бұл кездесуде басымдық танытып, 2:0 есебімен жеңіске жетуі мүмкін.
Корнийчук Словакия құрамасының қазіргі формасын жоғары бағалады. Оның айтуынша, команда соңғы төрт матчтың үшеуінде жеңіске жетіп, Ұлттар лигасының алғашқы турында Молдованы 2:0 есебімен ұтты.
Ал Қазақстан алдыңғы ойында Фарер аралдарымен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті.
Матч 29 қыркүйекте өтеді
UEFA кестесіне сәйкес, Словакия мен Қазақстан құрамалары 29 қыркүйекте кездеседі. Екі команда да Ұлттар лигасының C лигасындағы 3-топта өнер көрсетеді.
Кездесу Кошице қаласында өтеді. Басталуы – Қазақстан уақытымен 23:45-те. Ойында тікелей эфирде "Qazsport" телеарнасынан көруге болады.