Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Барыс" жауапсыз үш шайба жіберіп алды (ВИДЕО)

Астананың "Барысы" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында Мәскеудің ЦСКА клубымен кездесті. 

Бас бапкер Ғалым Мәмбеталиев айдынға келесі құрамды шығарды:

  • Қақпашылар: Шестаков (Дударкиев)
  • Қорғаушылар: Бекетаев-Данияр, Королев-Гайтамиров, Хохлов-Оразов, Жүсіпбеков-Бутенко
  • Шабуылшылар: Әсетов-Өмірбеков-Қайыржан, Старченко-Рахманов-Мұратов, Сетдиков-Николишин-Панюков, Симонов-Логвин-Ляпунов

Бірінші кезеңде қонақтар екі рет дәл соққы жасап, есепте алға шықты. Екінші кезеңде ЦСКА тағы бір шайба салып, басымдығын нығайтты. Үшінші кезеңде таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалып, матч 0:3 есебімен аяқталды.

"Барыс" (Астана) – ЦСКА (Мәскеу) 0:3 (0:2, 0:1, 0:0)

Шайбалар:

0:1 – 01:21 Провольнев (Афанасьев, Касселс). Тең құрамда

0:2 – 08:05 Галиев (Соркин, Карнаухов). Көпшілік жағдайында

0:3 – 21:35 Галиев (Афанасьев). Тең құрамда

13 наурыз күні "Барыс" Владивостокта "Адмиралға" қарсы тұрады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда: