Хоккей
Қазақ қызына үйленген канадалық хоккейші Минск пен Астана туралы айтты (ВИДЕО)
Канадалық хоккейші Даррен Диц жуырда Минскінің "Динамо" клубымен келісімшартқа қол қойып, жаңа командасы туралы алғашқы пікірін білдірді. Спортшының сөзінше Минск пен клуб оған оң әсер қалдырған.
Талғат Жайлауов "Барысқа" қайта оралады
Қазақстан хоккейіндегі аты аңызға айналған тұлға Талғат Жайлауов "Барыс" клубына қайта оралудың алдында тұр.
Биыл "Барыстың" жалақыға қанша жұмсайтыны белгілі болды
Жаңа маусымда астаналық команда ойыншыларға небәрі шамамен 800 миллион теңге жұмсамақ. Бұл көрсеткішпен олар Шығыс конференциясындағы ең шағын жалақы қорына ие клуб болып отыр.
"Барыс" NHL клубының шабуылшысымен келісімшарт жасамақ
Астаналық клуб Канададан келген нәтижелі ойыншыны қатарына қосады.
"Барыс" Ғалым Мәмбетәлиевке миллиондаған өтемақы төлейді
Астаналық "Барыс" хоккей клубы бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиевпен келісімшартты бұзғалы жатыр.
"Барыстың" жаңа бас бапкері белгілі болды: Михаил Кравец Астанаға келеді
61 жастағы маман Астанаға келіп, ресми келісімшартқа қол қоюға дайындалып жатыр.
"Барыс" Қазақстан құрамасының шабуылшысымен келісімшарт жасасты
Астаналық "Барыс"хоккей клубы Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Вячеслав Колесниковпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде хабарлады.
"Барыс" құрамын түбегейлі жаңартады
Астаналық "Барыс" хоккей клубы жаңа маусым алдында бірқатар ойыншымен сынақ мерзіміне келісімшарт жасасты.
Ғалым Мәмбетәлиев "Барыста" қалды
Астаналық "Барыс" клубының айналасында белгісіздік жалғасуда. Қазақстандық бапкер Ғалым Мәмбетәлиев команданың жаттықтырушылар құрамында қала бермек.
"Барысқа" жаңа бас бапкер тағайындалды
Елордалық клубтың тізгінін ресейлік маман Михаил Кравец ұстайды деген ақпарат тарады. Бұл туралы ресейлік спорт журналисі Алексей Шевченко мәлімдеді.
"Барыс" жаңа ҚХЛ маусымына дайын (ВИДЕО)
"Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымы қарсаңында ресми ақпарат таратты. Команда құрамындағы ойыншылар жаттығу жиындарын бастап кетті.
Қазақстан Кубогына 2 клуб қатыспайтын болды
2025 жылғы Қазақстан Кубогы хоккей турнирінде күтпеген өзгеріс: Ташкенттің "Хумо" және Павлодардың "Ертіс" командалары биылғы додаға қатыспайтын болды.
Ресейлік компания "Барысқа" 13 миллиард теңге ұсынып отыр
Қазақстанның бас хоккей клубы – "Барыс" жеке меншікке өтуі ықтимал. Ресейлік ірі компания клубты сатып алуға ниетті деген ақпарат тарады.
"Барыс" үшін Ғалым Мәмбетәлиевтің отставкасы қымбатқа түседі
"Барыс" ХК бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиевті мерзімінен бұрын қызметтен босатса, шамамен 194 миллион теңге өтемақы төлеуге мәжбүр болады.
Александр Овечкинге NHL рекорды үшін көлік сыйға тартылды
Мәскеудегі "ЦСКА Аренада" өткен қайырымдылық хоккей матчында хоккей әлемінің жарық жұлдыздары бас қосты. "Жыл матчы" деп аталған бұл кездесуде NHL (Ұлттық хоккей лигасы) мен KHL (Құрлықтық хоккей лигасы) ойыншылары өзара бақ сынасты.
"Барыс" легионерлер үшін демеуші тапты
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) ойнайтын қазақстандық "Барыс" шетелдік ойыншыларды сатып алу үшін демеуші тапты.
Қазақ форварды АҚШ клубымен келісімшартқа отырды
21 жастағы шабуылшы Алдияр Нұрлан енді америкалық "Билокси Брейкерс" клубының ойыншысы атанды.
Қазақстанның ең қымбат хоккейшісі енді екі есе аз жалақы алады
Қазақстан құрамасының үздік шабуылшысы Никита Михайлис ҚХЛ-дегі "Металлург" клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды. Алайда оның табысы күрт төмендеді.
Өзбекстан тумасы NHL клубына ауысты
24 жастағы шабуылшы Канаданың «Оттава Сенаторз» хоккей клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қойды.
"Барыстың" ҚХЛ-дағы алғашқы қарсыластары белгілі болды
2025/26 жылғы Құрлықтық хоккей лигасының алғашқы үш кездесуінде астаналық "Барыс" өз айдынында "Трактор", "Амур" және Минсктің "Динамосын" қабылдайды.