Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық волейболшылар Азиадада жеңіске жетті

Жағажай волейболшылары Сергей Богату мен Кирилл Гурин Азия ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық волейболшылар Азиадада жеңіске жетті
Olympic.kz

Қазақстандық жұп турнирдің алдын ала кезеңінде Гонконг спортшылары Ли Чхек Хэй және Ли Лит Фунгпен кездесіп, екі партияда басым түсті. Бірінші сет 21:15 есебімен аяқталса, екінші партияда Богату мен Гурин 21:18 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, кездесу Қазақстан құрамасының 2:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Әйелдер жұбы екі матчта да жеңіске жетті

Азия ойындарының әйелдер арасындағы топтық кезеңінде Мерей Қожахмет пен Лаура Қабылбекова екінші матчында жеңіске жетті. Қазақстандық жұп Е тобындағы кездесуді Филиппин волейболшылары Бернадет Понс және Черри Аннмен өткізді.

Тартысты ойында қазақстандық волейболшылар 2:1 (21:17, 10:21, 10:5) есебімен басым түсті. Осы нәтижеден кейін Мерей Қожахмет пен Лаура Қабылбекова топтық кезеңдегі жарыстың жеңіліссіз сериясын жалғастырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?