Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Данияның сағын сындыра алмадық (ВИДЕО)

Сённерборг қаласында футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Дания мен Қазақстан құрамасы кездесті.

Бұл ойында Қазақстан құрамасы айқын фаворит есептелген. Бірақ 3:2 есебімен жеңіліп қалды. 27-минутта Адам Фогт даниялықтарды алға шығарды. Қазақстандықтар 31-минутта қақпашы Нарын Серіковтың арқасында таразы басын теңестіріп кетті. Кейін алаң иелері тағы екі доп соқты. Мохаммед Юссеф дубль авторы атанды. Ал 40-минутта Дәурен Тұрсағұлов кездесуді қорытындылады. 

Осылайша үш ойыннан кейін Қазақстан құрамасының қоржынында төрт ұпай бар. Кака шәкірттері бұған дейін іріктеу науқанында сырт алаңда Албаниямен (2:0), кейін Алматыда Армениямен (4:4) ойнады. Ал Дания құрамасының еншісінде үш ұпай. 

Бұл туралы не ойлайсыз?