Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан Азия кубогында айқын басымдықпен жеңіске жетті

Бангкокта нысана көздеуден құрлықтық чемпионат мәреге жетті. 

Қазақстан Азия кубогында айқын басымдықпен жеңіске жетті
olympic.kz

Сайыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР МТС Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Алтын медаль: 

Александра Ле, Арина Алтухова, Елизавета Безрукова – 50 м винтовка (командалық жарыс)
Александра Ле – 50 м винтовка (жекелей жарыс)
Никита Чирюкин – 25 м пистолет

Күміс медаль:

Елизавета Безрукова – 50 м винтовка (жекелей жарыс)

Ұлттық құрама 12 алтын медаль жеңіп алып, Азия Кубогының бас жүлдесін иеленді.

Жалпыкомандалық есеп:

  1. Қазақстан – 12 алтын, 9 күміс, 4 қола
  2. Оңтүстік Корея – 7 алтын, 4 күміс, 7 қола
  3. Сингапур – 3 алтын, 4 күміс, 2 қола

Азия Кубогына 23 елдің спортшылары қатысты. 

Бұл туралы не ойлайсыз?