Сәбина Алтынбекова отбасы туралы сыр бөлісті
Қазақстандық волейболшы Instagram парақшасында әкесі Абай Алтынбековпен түскен суретін жариялады.
Оқырмандарының бірі волейболшыдан: "Бойыңыз кімге ұқсаған?" – деп сұраған. Алтынбекова әкесімен бірге түскен фотосын бөлісіп, былай деп жауап берді:
"Осы сымбатты кісіге тартқанмын. Менің көкелерім де келбетті, бойшаң, нағыз азаматтар еді. Өкінішке қарай, қазір кейбірі арамызда жоқ. Олар ұзын бойлы, көк көзді, аққұба болатын. Алла отбасыма ұзақ ғұмыр берсін. Әумин. Сүйікті бауырларым, көкелерім, апаларым және әпке-сіңлілерім, бәріңізді қатты жақсы көремін. Өмірімдегі ең маңызды нәрсе – осы".

Сәбина Алтынбекованың бойы – 182 сантиметр. Волейболшы әлеуметтік желідегі жазбаларында отбасының өзі үшін қаншалықты қымбат екенін жиі айтады.
Бұл туралы не ойлайсыз?